GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Қызметі
Все материалы
01 октября 2026
Төменгі Қайрақты ауылында кәмелетке толмаған балалардың мопедтер мен мотоциклдерді басқаруының алдын алу, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді.
24 августа 2026
Ауылымыздың көшесіне автокөлік жолына жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік жылдамдығын реттеу мақсатында жасанды жол кедкргілер орнатылды.

Ауылымыздың көшесіне автокөлік жолына жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік жылдамдығын реттеу мақсатында жасанды жол кедергілер орнатылды.

Бұл жұмыстар ең алдымен тұрғындардың, әсіресе балалар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Жол ережесін сақтап, көлік жүргізу кезіңде жылдамдықты төмендетулеріңіздісұраймыз.

24 августа 2026
Ауған соғысы ардагерлерін ұлықтаған спорттық іс-шара

Ағымдағы жылдың 18 тамызында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл толуына орай Қарағанды қаласы Ауған соғысы  ардагерлері мен мүгедектерінің одағы Ардагерлер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруыменен ауылымызда шағын футболдан жарыс өтті.

Жарысқа 6 команда қатысып, ойындар тартысты әрі қызықты өтті. Спорттық сайыс барысында қатысушылар өздерінің шеберліктері мен ұйымшылдығын көрсетті.

Сонымен қатар, Ауған соғысының ардагерлері батыр, бабаларымыздың рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Осы тағылымды іс-шараның өтіуіне мұрындық болып, елге үлгі боларлық бастама көтерген ауылымыздың тумасы, Ауған соғысының ардагері Тоқтабеков Серғали Жұмағұлұлына алғысымызды білдіреміз.

Ел тарихын ұлықтап, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге бағытталған осындай игі шаралар жалғасын таба берсін.

24 августа 2026
Ағымдағы жылы Төменгі Қайрақты ауылында футбол алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы Төменгі Қайрақты ауылында футбол аланында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алаңын ескі жабыны ауыстырылып, жаңа жасыл табын төселді. Сонымен қатар, алаңның негізіне тегістеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар ауыл жастарына спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасау мақсатында атқарылды.

07 августа 2026
Шет ауданы прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді тобы

Шет ауданы прокуратурасының

кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді тобы

 

Мобильді топтың мақсаты – кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуы туралы әрбір сигналға жедел әрекет ету, оның ішінде оқиға орындарына шығуды жүзеге асыру.

Негізсіз тексерулер жүргізу, мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру және басқа да құқық бұзушылықтар фактілері бойынша төменде көрсетілген нөмірлерге хабарласу қажет:

 

Мәми Е.С. – Шет ауданы прокурорының орынбасары 8-701-444-66-10

Мусина М.К. – Шет ауданы прокуратурасының аға прокуроры 8-775-458-97-73

Сейльбеков О.К. – «Атамекен» Шет ауданы бойынша кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры 8-701-420-35-36

 

Мобильная группа по защите прав предпринимателей

прокуратуры Шетского района

 

Целью мобильной группы является оперативное реагирование на каждый сигнал нарушения прав предпринимателей, в том числе осуществление выездов на места.

По всем фактам проведения необоснованных проверок, воспрепятствования предпринимательской деятельности со стороны государственных органов и других нарушениях необходимо обращаться  по указанным номерам:

 

Мәми Е.С. - заместитель прокурора Шетского района  8-701-444-66-10

Мусина М.К. - старший прокурор прокуратуры Шетского района 8-775-458-97-73

Сейльбеков О.К. – директор филиала Палаты предпринимателей по Шетскому району «Атамекен» 8-701-420-35-36

30 июля 2026
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.

🇰🇿 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

Құрметті ауыл тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран – Тәуелсіз Қазақстанның басты рәміздері. Олар халқымыздың бірлігі мен ынтымағын, егемендігі мен ұлттық мақтанышын білдіреді.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – Отанға, оның тарихына, мәдениеті мен болашағына деген құрметтің белгісі. Еліміздің көк Туы әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанымыздың абыройы асқақтай берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, елімізге бейбітшілік пен тұрақты даму тілейміз!

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! 🇰🇿

22 июля 2026
"Домбыра – қазақтың жаны,рухы,тарихы" тақырыбында флеш-инфо іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау, қазақ халқының қасиетті аспабы – домбыраның тарихы мен маңызын таныстыру, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.

Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасы 1 - ші шілде күні сағат 15 - 00 де Ұлттық домбыра күніне орай "Домбыра – қазақтың жаны,рухы,тарихы" тақырыбында флеш-инфо іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау, қазақ халқының қасиетті аспабы – домбыраның тарихы мен маңызын таныстыру, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Шара барысында қатысушыларға домбыраның шығу тарихы, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі алатын орны туралы қысқаша мағлұмат берілді. Сонымен қатар Ұлттық домбыра күнінің маңызы түсіндіріліп, қазақтың белгілі күйшілері туралы қызықты деректер айтылды.
Қатысушылар "Күйді таны" ойынына белсене қатысып, белгілі күйлерді тыңдап, олардың атауларын анықтады. Сондай-ақ "Жылдам сұрақ" айдары бойынша "Домбыра қазақтың жаны" тақырыбында викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.
Іс-шара соңы қатысушы Шегебай Алдиярдың орындауында "Балбырауын"күйін тыңдаумен аяқталды.

22 июля 2026
Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасында Әдеби өлкентау жобасы аясында Тағылымға толы таңбалы өлке атты тарихи-таңбалы саяхат.

Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасында "Әдеби өлкетану" жобасы аясында «Тағылымға толы таңбалы өлке» атты тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасы туралы мәліметтермен танысты.
Саяхат бірнеше аялдамадан тұрды. «Тарих сыр шертеді» бөлімінде өлкенің өткені мен тарихи орындары туралы ақпарат берілсе, «Туған жер тұлғалары» аялдамасында өңірден шыққан белгілі тұлғалардың өмірі мен еңбектері насихатталды. «Табиғат – тұнған шежіре» бөлімінде туған өлкенің табиғаты мен ерекшеліктері туралы айтылды.
Іс-шара барысында қатысушылар арасында танымдық викторина ұйымдастырылып, туған жерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар «Туған жерге тағзым» атты кітап көрмесі ұсынылып, өлкетану бағытындағы әдебиеттерге шолу жасалды.
Шара соңында қатысушылар туған өлкенің тарихын білу мен оны құрметтеудің маңыздылығы жөнінде ой бөлісіп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Іс-шара өз мақсатына жетіп, қатысушыларға рухани әсер қалдырды.

16 июля 2026
Қарағанды облысы Шет ауданы Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімнің аппараты

Төменгі Қайрақты ауылдық округі бойынша жазғы демалыс кезеңінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Төменгі Қайрақты ауылының Хәсен Серінжіп атындағы жалпы білім беретін мектебінің білім алушылары мен жасөспірімдері арасында профилактикалық кездесулер ұйымдастырылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шаралар барысында оқушыларға жол жүру ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту, велосипед пен электрлі көлік құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігіне бақылауды күшейту жөнінде ұсыныстар берілді.

14 апреля 2026
Шет ауданы Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімнің аппараты

Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде өткен сенбілік аясында 🌿 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Төменгі Қайрақты ауылында әкім аппаратының қызметкерлері мен мәдениет үйінің ұжымы бірлесіп, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында аумақ тазартылып, қоқыстар жиналды. Айналаны абаттандыру және тазалықты сақтау – баршамызға ортақ міндет. Осындай игі бастамалар ауылдың көркеюіне өз үлесін қосады.
🌿 Тазалық – ортақ жауапкершілік!
🌿 Туған жерімізді бірге таза ұстайық!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы