GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Все материалы
21 октября 2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғам үшін де, мемлекет үшін де маңызды міндет. Әрбір адамның қауіпсіздікке, құрметке және зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғалуға құқығы бар. Зорлық-зомбылық жағдайларын дер кезінде анықтау, алдын алу шараларын жүргізу, азаматтарды өз құқықтары туралы хабардар ету және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету аса маңызды. 🤝 Айналаңыздағы адамдардың қиындықтарына бейжай қарамаңыз. Зорлық-зомбылық оқиғалары туралы дереу хабарлау және қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсету – өте маңызды. Отбасында да, қоғамда да зорлық-зомбылыққа орын жоқ. Құрмет, қамқорлық және жауапкершілік – қауіпсіз отбасының негізі.
16 октября 2026
Дәрия кентінде орналасқан дүкендерге Шет ауданының ПБ-ң С.Сейфуллин к.ПБ-ң ҚҚТ-ң УПИ-ы полиция капитаны Б.З.Игенбеков " 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынатындығы " жайында жадынама ілініп, дүкен сатушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді
14 октября 2026
Маскүнемдіктің алдын алу — халық денсаулығын сақтаудың, отбасылық құндылықтарды нығайтудың және қауіпсіз әлеуметтік орта қалыптастырудың маңызды аспектісі.
09 октября 2026
Қазақстанда апта ішінде бірқатар азық-түлік тауарлары арзандады 2026 жылғы 7 қазандағы жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады. Апта ішінде пияздың бағасы 4%-ға, қант 2,6%-ға, алма 1,8%-ға, картоп 1%-ға, сәбіз 0,8%-ға, балық 0,3%-ға арзандады. Сондай-ақ қаймақ, ет фаршы және күріш бағасы 0,2%-ға төмендеді. Есепті аптада ұн, нан, сүйексіз сиыр еті, қой еті және тауық етінің бағасы өзгеріссіз қалды. Өңірлер бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы Атырауда 0,3%-ға, Түркістан мен Ақтауда 0,1%-ға төмендеді. Астана, Алматы, Ақтөбе, Жезқазған, Қонаев, Павлодар, Талдықорған және Тараз қалаларында бағалар өткен аптадағы деңгейде сақталды. Еліміз бойынша пияздың орташа бағасы килограмына 133 теңгені құрады. Ең төмен баға Талдықорғанда тіркелді, килограмы 108 теңге. Республика бойынша қанттың орташа бағасы килограмына 435 теңге болды. Ең төмен баға Ақтөбеде тіркелді, килограмы 368 теңге. Алманың орташа бағасы республика бойынша килограмына 699 теңгені құрады. Ең төмен баға Шымкентте байқалды, килограмы 494 теңге. Қиярдың орташа республикалық бағасы килограмына 536 теңге болды. Ең төмен бағалар Түркістанда және Таразда тіркелді. Түркістанда қиярдың килограмы 346 теңге, Таразда 414 теңге болды.
07 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 15 наурызда жалпыұлттық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Ол 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енді. Жаңа Конституция мемлекеттік құрылымның негіздерін, жеке тұлға мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заң үстемдігі, қоғамдық тәртіп және ұлттық бірлік қағидаттарын бекітеді. Конституция – мемлекет пен қоғамның құқықтық негіздерін айқындайтын елдің Ата Заңы.
29 сентября 2026
облыстық мәдениет пен өнерді дамыту орталығының "ЗЕРДЕ" ақпараттық жылжымалы мәдени-сауық кешені "ЕЛГЕ ШАШУ" атты концерттік бағдарламасын Дәрия кент тұрғындарына тарту етті
23 сентября 2026
«Таза Қазақстан» – тазалық пен жауапкершілікті қалыптастыратын ортақ бастама.
17 сентября 2026
Дәрия кентінде Жәрменке өтті
15 сентября 2026
Масқүмарлықтың алдын алу – халық денсаулығын жақсарту, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және қауіпсіз әлеуметтік орта қалыптастыру жөніндегі жұмыстардың маңызды құрамдас бөлігі. Шет ауданында тұрғындарды алкогольді шамадан тыс тұтынудың зиянды салдары туралы хабардар ету және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Басты назар жастарға, олардың бос уақытын мазмұнды өткізуді ұйымдастыруға, дене шынықтыру мен спортты дамытуға, сондай-ақ өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға аударылады. *Салауатты өмір салты – жеке тұлғаның, отбасының және қоғамның әл-ауқатының негізі!*
08 сентября 2026
Қазіргі әлемде интернет өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың ақшасы мен жеке деректерін ұрлауға бағытталған алаяқтық схемалардың саны артып келеді.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы