GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Қызметі
Все материалы
12 октября 2026
Каспий теңізін сақтап қалу – бүгінгі заман мемлекет қайраткерлері үшін жай ғана жауапкершілік емес, ар-ожданымызға сын болатын маңызды міндет.

Каспий – табиғаттың баға жетпес байлығы, миллиондаған тіршілік иесінің мекені әрі болашақ ұрпаққа аманат етілген мұра. Сондықтан теңіздің экологиялық жағдайын жақсарту, су деңгейінің төмендеуіне жол бермеу, биоалуантүрлілікті қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бағытында нақты әрі жүйелі шаралар қабылдауымыз қажет. Каспийді сақтау – ортақ парызымыз, келешек алдындағы жауапкершілігіміз. Табиғатты қорғау сөзбен емес, нақты іспен дәлелденуі тиіс!

09 октября 2026
Білім беру саласында соңғы 7 жылда не өзгерді?
Мұғалімдердің еңбекақысы өсті, жүктемесі азайды. Педагогтерге берілетін әлеуметтік қолдау күшейді. Жаңа мектептер салынып, «Жайлы мектеп» жобасы іске қосылды.

Жас педагогтерді қолдау шаралары артты. Оқу бағдарламаларына жасанды интеллект пен Конституция негіздері енгізілді. Сондай-ақ педагогтердің кәсіби жетістіктері үшін де үстемақыларлар қарастырылған.
 
 
08 октября 2026
Қазақстан халықаралық капитал үшін жаңа бағыттарды ашуда.

Соңғы жылдардағы экономикалық трансформация елдің дәстүрлі шикізат секторынан тыс инвестициялық мүмкіндіктерін біртіндеп кеңейтуде. Өңдеу өнеркәсібін, көлік инфрақұрылымын, ауыл шаруашылығын және цифрлық қызметтерді дамыту халықаралық капитал үшін жаңа бағыттарды ашуда. Бұл туралы The World Financial Review британдық іскерлік басылымының мақаласында айтылған.

Қосымша фактор ретінде экономиканың сыртқы міндеттемелер құрылымындағы өзгерістерді атап өтуге болады. Бес жыл ішінде сыртқы борыштың ЖІӨ-ге қатынасы 83,1%-дан 59,4%-ға дейін төмендеді, бұл салыстырмалы борыштық жүктеменің азайғанын көрсетеді.
Әрине, әртараптандырылған экономикалық модельге көшу ұзақмерзімді міндет болып қала береді. Ол Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығында да көрініс табады. Дүниежүзілік банктің 2026–2031 жылдарға арналған жаңа елдік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, экономиканың орнықтылығын арттыруға және өнімділігі жоғары әрі инновациялық жеке секторды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Негізгі басымдықтардың бірі жеке капиталдың қатысуын кеңейту және экономикалық өсудің өндіруші салаларға тәуелділігін төмендету болып саналады.

Қазақстанның экономикалық бағыты осы міндеттерді шешуге бағытталған. Бұл саясатты одан әрі жүзеге асыру елдің жаңа салаларды дамыту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін жинақталған ресурстық әрі инвестициялық әлеуетті қаншалықты тиімді пайдалана алатынына байланысты болады.

07 октября 2026
84 медаль,әлемдік рекорд және тарихи жеңістер;Қазақстан Азиада-2026 ойындарында қалай өнер көрсетті.

Қазақстан құрамасы Аичи және Нагояда (Жапония) өткен ХХ жазғы Азия ойындарындағы өнер көрсетуін аяқтап, 84 медаль жеңіп алды: 12 алтын, 24 күміс және 48 қола. Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға ие болды.

Алдыңғы Азия ойындарымен салыстырғанда, Қазақстан өз нәтижесін жақсартты. Ханчжоуда құрама 11-орынға тұрақтап, 80 жүлде, оның ішінде 10 алтын медаль жеңіп алған болатын. Ал Жапонияда команда бірден үш сатыға көтеріліп, жалпы медаль санын 84-ке жеткізді. Медаль саны бойынша дәл осындай нәтижені Қазақстан 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында да көрсеткен. Бұдан көп медаль тек 2006 жылы Дохада болды, сол кезде отандық спортшылар 85 жүлде жеңіп алған.

Сонымен қатар, Жапониядағы Азия ойындары Қазақстан үшін тек қорытынды көрсеткіштерімен ғана есте қалған жоқ. Қазақстан бірқатар тарихи жетістіктерге қол жеткізіп, сондай-ақ спорттың бірнеше түрінен алғаш рет медаль жеңіп алды.

05 октября 2026
Бір фильмге $450 мың: Астанада AI байқауының жеңімпаздары белгілі болды.

 

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда алғаш рет Astana AI Film Festival кинофестивалі өтті. Байқауға әлемнің 125 елінен 8 067 өтінім түсіп, ол жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдер арасындағы ең ірі халықаралық байқаулардың біріне айналды.

Астанада фестиваль жеңімпаздары анықталды.

Гран-при мен 450 мың долларды (шамамен 201,5 млн теңге) Латвиядан келген Николай Шестак (Nikolay Shestak) «The First Honest Day» фильмі үшін жеңіп алды.

Қазақстандық Мырзахан Жұмахан «Үздік кейіпкер» номинациясында жеңімпаз атанды. Оның «It Was Just a Joke» комедиясында ит пен иесінің ағасы әзілге бола сөзге келіп қалады. Оқиға әрі қарай нағыз блокбастер желісіне ұласады. Автордың айтуынша, ол әзіл-қалжың мен көңілді оқиғаларды ұнататындықтан, осындай фильм түсірген.

Екінші орынды үндістандық «SITARA» фильмі иеленіп, авторларына 200 мың доллар (шамамен 44,8 млн теңге) берілді. Үшінші орын мен 100 мың доллар испаниялық «Looking For Perseida» фильміне бұйырды.
 
Мыңдаған өтінімнің ішінен финалға небәрі 25 жұмыс өтті. Оларды ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры Одри Азуле мен инвестор Баладжи Сринивасанды қоса алғанда, халықаралық қазылар алқасы бағалады.

Фестивальдің жалпы жүлде қоры 2 млн долларды (шамамен 895,5 млн теңге) құрады. Оның жартысы жүлдеге, қалған бөлігі болашағы зор AI-командаларды қолдауға және Қазақстанда кино өндірісін дамытуға бағытталды.

Жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдер енді үлкен экраннан көрсетіліп, авторларына жүздеген мың доллар көлемінде жүлде беріліп жатыр. Астана алғаш рет осындай фестивальді қабылдап, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жұмыстардың үздіктері анықталған алаңға айналды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалін ашқан болатын.

02 октября 2026
Елдос Сметов араға 12 жыл салып, жазғы Азия ойындарында жүлде жеңіп алды .
Жапонияның Аичи халықаралық аренасында Қазақстан командасы дзюдодан ХХ жазғы Азия ойындарының екінші күміс жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Париж Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы Елдос ХХ жазғы Азия ойындарының финалында (-60 кг) жарыс қожайыны Хаято Кондомен күресті. Тартысты белдесу нәтижесінде жапон спортшысы басым түсті.

Осылайша, бүгін Елдос сары құрлық ойындарындағы үшінші медалін мойнына тағады. Отандасымыз 2014 жылы Инчхонда -60 кг салмақта алтыннан алқа таққан. Ал ерлер арасындағы командалық сайыста күміс иеленген. Сметов - жазғы Азиада тарихындағы ең табысты қазақ дзюдошысы.

Айта кетейік, таңғы сессияда Елдос Сметов алғашқы белдесуінде Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері Ли Ха Римді (Оңтүстік Корея) таза жықты. Осыдан кейін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ариунболд Энхтайванның (Моңғолия) жауырынын жерге тигізді. Жартылай финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Ханчжоу Азиадасының чемпионы Ян Юнвэйден (Тайпей) басым түсті.

Бұл - дзюдодан Қазақстан командасының осы бәсекедегі екінші күміс жүлдесі. Осыған дейін Абиба Әбужақынова 2-орын алған.
 
 
 
 
30 сентября 2026
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару .

Үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Мұхтарұлы Олжас – 29011 әскери бөлімі взводының командирі.

Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Аяпберген Сержан Талғатұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Жаңабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);

Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);

Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);

Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).

25 сентября 2026
22 ЖАСТАҒЫ ҚАДЫРБЕК ШЫНБАЕВ ҚАЗАҚСТАНҒА ММА-ДАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ.
22 жастағы Қадырбек Шынбаев Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды.

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі аралас жекпе-жектен (ММА) modern дисциплинасында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.

ММА биыл Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Қадырбек Шынбаев осы спорт түрінен Азия ойындарының алтынын жеңіп алған екінші қазақстандық атанды.

Айта кетейік, Қадырбек Шынбаев бұған дейін де халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсеткен. 2026 жылдың қаңтарында ол ересектер арасында ММА-дан Азия чемпионы атанды. Құрлық біріншілігінде қазақстандық спортшы Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдерін жеңді.

Осылайша, 22 жастағы спортшы бір жылдың ішінде құрлықтық деңгейдегі екі ірі додада жеңіске жетіп, Азия чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанды.
 
 
24 сентября 2026
ВЛАДИСЛАВ ЯКОВЛЕВ ПЕН ИВАН ЧЕРНУХИН АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСКЕК ЕСУДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ.

 Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Жапонияның Айчи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Қазақстандық экипаж академиялық есуден ерлер арасындағы рульшісіз қос қайық (M2−) бәсекесінде алтын медаль жеңіп алды.

А финалында Владислав Яковлев пен Иван Чернухин мәреге бірінші болып жетіп, басты қарсыластары Қытай экипажын 2,09 секундқа басып озды.

Қазақстандық спортшылар бұған дейін ірі халықаралық жарыстарда да жүлделі нәтижелер көрсеткен. 2025 жылы Яковлев пен Чернухин ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанса, биыл Оңтүстік Кореяның Чхунджу қаласында өткен Азия кубогында алтын медаль жеңіп алды. Азия ойындарындағы жеңіс олардың халықаралық аренадағы табысты нәтижелерінің жалғасы болды.

Айта кетейік, академиялық есуден жарыстар Қазақстан құрамасы үшін жалғасуда. Бүгін Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Ярослав Мельников және Тимур Фомичевпен бірге ерлер арасындағы рульшісіз төрттік сында А финалында да бақ сынайды.

18 сентября 2026
12 тамыз – Каспий теңізі күні.

Бүгін Каспий теңізі күні атап өтілуде. Осыдан 20 жыл бұрын дәл осы күні Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция, яғни Тегеран конвенциясы күшіне енді.

Каспий теңізі күні қарсаңында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде «Caspian Sea Action Week 2026» халықаралық волонтерлік апталығы өткізілуде.

Апталық іс-шараларына Каспий маңы мемлекеттері – Әзербайжан, Ресей Федерациясы, Иран және Түрікменстанның делегациялары, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдері, волонтерлер, экологиялық белсенділер, сарапшылар мен жастар қатысты.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы