GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
22 октября 2026
Отырыста Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева әскерді жасақтаудың халықаралық тәжірибесін, ұрыс қимылдарын жүргізудің заманауи тәсілдерін және отандық мамандардың ұсыныстарын ескере отырып әзірленген Жоспардың негізгі ережелерін таныстырды
🔹Құжатта мемлекеттің бүкіл әскери жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған институционалдық өзгерістер көзделген.

🔹Атап айтқанда, Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамын қайта қарау, басқару және қорғанысты жоспарлау тетіктерін жетілдіру, Ұшқышсыз жүйелер күштерін құру, сондай-ақ армияның негізгі компоненттерін нығайту жоспарланып отыр.

🔹Бұл реформаның маңызды аспектісі – мерзімді әскери қызметтің екі кезеңнен тұратын үлгісіне көшу. Әскерге шақырылғандар алғашқы алты айда оқу орталықтарында даярлықтан өтеді. Кейінгі алты айда тікелей әскери бөлімдерде қызмет етеді. Бұл кезеңде жауынгерлік даярлыққа және бөлімшелер құрамында міндеттерді орындауға басымдық беріледі.

🔹Әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтарын қорғауға ерекше назар аудару қажет.

🔹Әскери консультанттар мен Әскери қызметшілер істері жөніндегі уәкіл институттарын құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ жарғыға сай келмейтін іс-әрекетке жол бермеу және әскери тәртіпті күшейту шаралары қабылданады.

🔹Сонымен қатар «Адал азамат» тұжырымдамасына негізделген «Жас айбын» бірыңғай әскери-патриоттық даярлық жүйесін дамыту, мамандандырылған әскери мектептер желісін кеңейту және бастапқы әскери даярлықты жетілдіру көзделген.
22 октября 2026
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.

🔹Негізгі мәселе – әскери реформа жоспарының жобасы.

🔹Мемлекет басшысы еліміздегі ауқымды өзгерістерді ескере отырып, қорғаныс саласын реформалау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және оны Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына енгізуді тапсырды.

🔹Президент қысқа мерзімде заманауи, ұтқыр әрі технологиялық тұрғыдан озық армия құрудың айрықша маңызына назар аударды.

– Қарулы күштердің сапасын өзгерту міндеті қойылды. Өзгерістер басқару ісін, әскери қызметшілерді даярлауды, кадр саясатын, әскери білім беруді, қорғанысты жоспарлау мен технологиялық жарақтандыруды қамтуға тиіс. Әскери қызметтің қауіпсіздігіне, әскерге басшылық ету мәдениетіне және мемлекет ресурстарын тиімді пайдалануға айрықша мән беру керек. Армияның қоғаммен қарым-қатынасы да өзгеруге тиіс. Кешенді реформа қажет. Бұл істе толыққанды шешімдер қабылданбайынша, көздеген нәтижеге жету мүмкін емес, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

09 октября 2026
⚖️ Заң мен тәртіп — әділетті қоғамның басты құндылығы.

Қоғамның дамуы мен елдің тұрақтылығы заңға деген құрметтен басталады. Әр азаматтың жауапкершілігі мен саналы ұстанымы қоғамдық тәртіпті нығайтуда маңызды рөл атқарады. Заң талаптарын сақтау — қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ғана емес, өзара сенім мен сыйластықты қалыптастырудың да негізі. Құқықтық мәдениетті арттыру арқылы біз келешек ұрпаққа тәртіп пен жауапкершілікті бағалайтын орта қалыптастырамыз.

Заңды құрметтеу — әр азаматтың парызы, ал тәртіпті сақтау — ортақ болашағымызға қосқан үлесіміз! 🇰🇿

07 октября 2026
🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ОРТАҚ МІНДЕТ

Тазалық – қоршаған ортаның ғана емес, қоғам мәдениетінің де айқын көрінісі. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында туған өлкені абаттандыру, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау – баршамызға ортақ жауапкершілік.

Таза әрі көрікті елді мекен қалыптастыру әр азаматтың белсенділігі мен жанашырлығынан басталады. Табиғатты аялау, қоқысты белгіленген орынға тастау және айналамызды таза ұстау – қарапайым, бірақ маңызды қадамдар.

Тазалықты бірге сақтайық – таза орта, таза болашақ қалыптастырайық! 🌱

23 сентября 2026
22 ЖАСТАҒЫ ҚАДЫРБЕК ШЫНБАЕВ ҚАЗАҚСТАНҒА ММА-ДАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ
22 ЖАСТАҒЫ ҚАДЫРБЕК ШЫНБАЕВ ҚАЗАҚСТАНҒА ММА-ДАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ

🇰🇿🥇 22 жастағы Қадырбек Шынбаев Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды.

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі аралас жекпе-жектен (ММА) modern дисциплинасында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.

ММА биыл Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Қадырбек Шынбаев осы спорт түрінен Азия ойындарының алтынын жеңіп алған екінші қазақстандық атанды.

Айта кетейік, Қадырбек Шынбаев бұған дейін де халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсеткен. 2026 жылдың қаңтарында ол ересектер арасында ММА-дан Азия чемпионы атанды. Құрлық біріншілігінде қазақстандық спортшы Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдерін жеңді.

Осылайша, 22 жастағы спортшы бір жылдың ішінде құрлықтық деңгейдегі екі ірі додада жеңіске жетіп, Азия чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанды.
 
17 сентября 2026
«Таза Қазақстан» аясында жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылды.
09 сентября 2026
Мемлекет басшысы Солтустік Македония Президентіне құтықтау жеделхатын жолдады

Жеделхатта достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас дәйекті түрде дамып келе жатқаны атап өтілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гордана Силяновска-Давкованың қызметі мен игі бастамаларына толайым табыс, ал Солтүстік Македония халқына құт-береке тіледі.

01 сентября 2026
Президент Қырғызстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына табысты төрағалық еткенін айрықша атап өтті
Қазақстан қырғыз ағайындарымыз бен серіктестеріміздің Ұйым бірлігін нығайту және оның сан қырлы әлеуетін ашу жолында атқарған мәнді де мазмұнды жұмысын жоғары бағалайды. Бүгінгі отырыстың қорытындысы ШЫҰ-ның халықаралық беделін одан әрі көтеріп, қызмет тиімділігінің артуына және жаһанның құбылмалы жағдайында нақты стратегиялық мүдделердің қалыптасуына септігін тигізетініне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

🟦Мемлекет басшысы қол жеткен жетістіктерді алға тартып, «Шанхай ондығына» кіретін елдердің бәрі үшін айрықша маңызға ие басты бағыттарға тоқталды.

– Қауіпсіздік саласындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайту. ШЫҰ құрамында Еуразияның ірі мемлекеттері бар. Жаңадан сұлбаланып келе жатқан әлемдік тәртіптің тұрпаты қандай болмағы көбіне осы елдердің ұстанымына байланысты. Бұл ретте Ұйымға ерекше жауапкершілік жүктеледі. Еуразия құрлығындағы стратегиялық тұрақтылық және сенім шаралары бойынша министрлер деңгейіндегі ШЫҰ конференциясын өткізу қажет деп санаймыз. 
 
 
 
25 августа 2026
«Таза Қазақстан» Акциясы

Шет ауданы, Батық ауылында
"Таза Қазақстан" акциясы аясында күл-қоқыстар шығарылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

25 августа 2026
ЖАЛДАМАЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІ БӨЛУДІҢ ЖАҢА НОРМАЛАРЫ

Тұрғын үй заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, жалдамалы тұрғын үйге қатысты 15–18 ш.м. тұрғын үй беру нормалары қолданылмайды. Жалдамалы тұрғын
үй үшін Ережелерде 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап күшіне енетін мынадай нормаларды қарастырылған:
1) ерлі-зайыптыларға 1 бөлме беріледі немесе бір бөлмелі тұрғын үй;
2) бір жынысты отбасы мүшелеріне, оның ішінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана болған жағдайда, бір бөлмеге 2 адамнан асырмай есептеу бойынша 1 бөлме
беріледі;
3) әртүрлі жыныстағы отбасы мүшелеріне (ерлі-зайыптыларды қоспағанда) бір бөлмеге 2 адамнан асырмай есептеу бойынша оқшауланған (бөлек) бөлмелер беріледі.
Мүгедектігі бар балалары бар отбасыларға бөлек бөлме беріледі.
Азаматтардың келісімімен бөлме саны азырақ тұрғын үй беруге жол беріледі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы