«Қарағанды облысы Шет ауданы Батық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша 2024 жылғы қызметі туралы есеп

«Қарағанды облысы Шет ауданы Батық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша

2024 жылғы қызметі туралы есеп

 

 

1.Жалпы ереже

Мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында Мекеме аралық байланыста да, азаматтармен қарым-қатынас кезінде де қағазбастылықтан барынша бас тарту ел Президентінің мемлекетті басқару органдарының алдына қойған маңызды міндеттердің бірі.

Осыған байланысты Батық ауылдық округінің әкім апараты ММ сі мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүргізуде.

Батық ауылдық округінің әкім апараты ММ сіде 3 қызмет түрін көрсетеді.

Есеп беру кезеңінде неғұрлым сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер:

Халықты жұмыспен қамту саласында - «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу» мемлекеттік қызметі;

Жер қатынастары саласында – «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі;

елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру

2.Қызмет алушылармен жүргізілген жұмыс

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында халықты ақпараттандыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мемлекеттік қызметтерді көрсерту сапасын арттыру, заң нормаларын бұзуды алдын – алу және сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарын алдын – алу ісіндегі маңызды міндет болып табылады.

Халықты ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдістерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтреді көрсетететін Батық ауылдық округінің әкім апараты ММ-сінде ақпараттық стендтер бар, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасындағы Батық ауылдық округінің әкім апаратының парақшасында барлық қажетті ақпарат жарияланған, халықты мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормалары туралы ақпараттандыруға бағытталған іс –шаралар жүргізіледі.

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы хабардар болу деңгейін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілді, баннерлер орнатылды . Жалпы, 2024 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін электрондық форматқа көшіруге бағытталған  іс-шара өткізілді.

Электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және «электрондық үкімет порталын» қолданушылар үлесін ұлғайту мақсатында қызмет алушыларға жалпыға қолжетімді орындарда 1 «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істеп тұр. Әр «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышына» өз қызметінің бағыты бойынша қызмет алушыларға «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алу бойынша консультациялық көмектер көрсететін жауапты тұлғалар бекітілген.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі-мемлекеттің басты басымдығы. Сондықтан қызмет көрсетушілердің міндеттерінің бірі мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мәселесі ерекше бақылауда тұр.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін жетілдіру жөніндегі қызмет

«Электрондық үкімет» бастамаларын танымал етуге және мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінеді.

әкімдікке келушілері неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес ала алады, сондай-ақ ЭЦҚ немесе «электрондық үкімет» порталы арқылы қажетті анықтамаларды алу үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторын» пайдалана алады.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау жасау

Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру аясында бақылау іс-шарасы өткізілді, бақылау іс-шараларын өткізу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін бұзу бойынша  заңбұзушылық анықталмады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ.

 

Қарағанды облысы   Шет ауданы Батық ауылдық округі

 

әкімі аппаратының

жетекші маманы                                                                       А.Дамысхан

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 марта 2025