GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
21 октября 2026
​«Менің Қазақстаным» челленджі

Еліміздің ең басты ұлттық мерекесі – Республика күніне орай Ақжал кенті әкімдігінің қызметшілері «Менің Қазақстаным» патриоттық челленджіне қолдау білдіреді!
Әр маманның күнделікті адал атқарып жатқан еңбегі – еліміздің гүлденуіне қосылған нақты үлес. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Көк туымыз биікте желбірей берсін!
​Барша отандастарымызды Республика күнімен құттықтаймыз!

21 октября 2026
«Таза Қазақстан» акциясы – әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі мен патриотизмінің нақты көрінісі.

Қоршаған ортаны қорғау тек мемлекеттік мекемелердің немесе коммуналдық қызметтердің ғана міндеті емес, бұл – туған жерге деген шынайы сүйіспеншілігімізді көрсететін ортақ іс. Көшелердің тазалығы, аулалардың көркі, табиғатқа деген ұқыпты көзқарас – біздің мәдениетіміздің айнасы.
Әрқайсымыз күнделікті өмірде тазалықты сақтап, қоршаған ортаға жанашырлық танытсақ, бұл игі бастама ұлттық сананы жаңғыртатын үлкен қозғалысқа айналары анық. Туған өлкемізді таза ұстап, келешек ұрпаққа көгалданған, әсем де қауіпсіз орта қалдыруға бәріміз бірдей үлес қосайық!
Тазалық – саналы өмірдің, жарқын болашақтың негізі!

21 октября 2026
«Заң мен тәртіп» — ашық әрі әділ қоғам кепілі!

Шет ауданы Ақжал кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жергілікті тұрғындармен кезекті түсіндірме жұмыстары өткізілді.

​Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері түсіндірілді. Тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру парақшалары таратылып, заң талаптарын қатаң сақтаудың маңызы айтылды.

​Басты мақсат — азаматтық жауапкершілікті күшейту, ашықтық пен адалдық қағидаттарын орнықтыру және заң үстемдігін қамтамасыз ету.

​Адал қоғам мен қауіпсіз болашақты бірге құрайық! Заң мен тәртіп — әрбір азаматтың басты ұстанымы болуы тиіс!

06 октября 2026
Республика күніне тарту: Ақжалда жаңа саябақ ашылды!

Республика күні қарсаңында және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шет ауданы Ақжал кентінің кіре берісінде заманауи саябақтың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

​Ауыл ажарын кіргізіп, тұрғындардың демалыс орнына айналатын жаңа саябақтың ашылуына Шет ауданы әкімінің орынбасары Д.Қ.Карсембаев, Ақжал кентінің әкімі Е.Б.Әбдірәсіл, жергілікті мекеме қызметкерлері, ауыл ақсақалдары мен белсенді жастары қатысты.

​Іс-шара барысында:
​Мәдени бағдарлама: «Шұғыла» мәдениет үйінің жас өнерпаздары өздерінің әуелеген әндерімен жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

​Ауылшаруашылық жәрмеңкесі: Саябақ маңындағы алаңда күзгі жәрмеңке ұйымдастырылып, тұрғындарға жаңа жиналған жеміс-жидектер, көкөністер, кептірілген жемістер мен сапалы ет өнімдері қолжетімді бағада ұсынылды.

​Жаңадан ашылған саябақ — кент көркіне көрік қосып қана қоймай, тұрғындардың, әсіресе жастар мен балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған жайлы мекен болмақ. Жаңа нысан құтты болсын!!!

06 октября 2026
Қарттарым – асыл қазынам

Өмірлік тәжірибесі мол, парасаты биік аға буын – әрбір шаңырақтың берекесі мен жүрер жолымыздың темірқазығы. ​Ақжал кентінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай дәстүрлі «Қарттарым – Қазынам» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті. ​Кент әкімдігінің ұйытқы болуымен және «Nova-Цинк» кәсіпорнының демеушілігімен ұйымдастырылған мерекелік дастарқан «Әмір» тойханасының кіші залында жайылды.

​Салтанатты кеште кент әкімі Е.Әбдірәсіл, аудан Мәслихатының депутаты М.Нокешов, кәсіпорынның әлеуметтік және әкімшілік сұрақтар бөлімінің басшысы М.Молыбаев мәнді де мағыналы жылы лебіздері мен ақ тілектерін білдіріп, мереке иелерін құттықтады.

​Кештің концерттік бағдарламасын Ажибжан Жанасбаев ағамыз бастаған кентіміздің «Шабыт» ансамблі ашып, өңір әншілері әуелеген әнмен жалғастырды. Мереке иелері де шет қалмай, шырқап ән айтып, би билеп, ерекше көтеріңкі көңіл-күй кешті.

​Ыстық ықылас пен шынайы құрметке толы болған бұл кеш қарияларымыздың жүрегіне жылу сыйлады деген ойдамыз.

​🤝 Ата-әжелерімізге мерекелік қуаныш сыйлап, демеушілік көрсеткен «Nova-Цинк» кәсіпорнының басшылығына шексіз алғысымызды білдіреміз!
​Қарттарымыз аман, еліміз тыныш болсын!

06 октября 2026
Үлкенге құрмет — ұрпаққа міндет!

Қарттар күні мерекесі қарсаңында кентіміздің ең жасы үлкен тұрғыны, 92 жастағы Наханова Тауық апамыздың шаңырағы береке мен шаттыққа толды.

​Кент әкімі Е. Әбдірәсіл, Шет ауданы мәслихатының депутаты М. Нокешов және «Шұғыла» мәдениет үйінің қызметкерлері апамыздың үйіне арнайы барып, мерейлі мерекесімен құттықтап қайтты.

​Өнегелі ғұмыр кешкен кейуанамыздың иығына шапан жауып, басына ак орамал тартып, тәттілер себетін сыйға тартты. «Шұғыла» мәдениет үйі өнерпаздарының әуезді әні жүректерді тебірентіп, апамыздың ак батасын алды.

​Жасы 92-ге келген Тауық апамызға бекем денсаулық, әулетіне амандық тілейміз! Ауылымыздың қариялары аман болсын!

29 сентября 2026
Ауылымыздың көркі — тұрғындардың ниеті мен еңбегінен көрінеді

"Таза Қазақстан" акциясы кентіміздегі мекеме қызметкерлерінің басын біріктіріп, үлкен бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Айналаны тазалау, арам шөп жұлу, ретке келтіру жұмыстары кентіміздің ажарын кіргізіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа да үлкен тәрбиелік мектеп болып отыр. Еңбекті бағалайтын, тазалықты сүйетін барша мекеме ұжымдарына ризашылығымызды білдіреміз. Туған жерімізді бірге көркейте берейік!

29 сентября 2026
Ауылымыздың көркі — тұрғындардың ниеті мен еңбегінен көрінеді

"Таза Қазақстан" акциясы кентіміздегі мекеме қызметкерлерінің басын біріктіріп, үлкен бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Айналаны тазалау, арам шөп жұлу, ретке келтіру жұмыстары кентіміздің ажарын кіргізіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа да үлкен тәрбиелік мектеп болып отыр. Еңбекті бағалайтын, тазалықты сүйетін барша мекеме ұжымдарына ризашылығымызды білдіреміз. Туған жерімізді бірге көркейте берейік!

29 сентября 2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ақжал кентінде кең көлемді сенбілік және ағаш отырғызу акциясы өтті

19 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ақжал кентінде кең көлемді сенбілік және ағаш отырғызу акциясы өтті.

​Сенбілік аясында Жеңіс саябағына жас шыршалар отырғызылып, саябақ аумағы қоқыстан тазартылды. Экологиялық бастамаға Шет ауданы әкімінің орынбасары Қ. Садықов, Ақжал кентінің әкімі Е. Әбдірәсіл, жергілікті мекеме қызметкерлері, кент белсенділері мен ауыл жастары біркісідей атсалысты.

​Ауылды көркейтуге бағытталған бұл шара қоршаған ортаны қорғаумен қатар, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға зор үлес қосады. Тазалық пен көркейту жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

29 сентября 2026
«Заң мен тәртіп» — ашық әрі әділ қоғам кепілі!

Шет ауданы Ақжал кенті әкімдігінің бас маманы «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында кент тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

​Кездесу барысында тұрғындарға құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы, жемқорлықтың алдын алу жолдары мен заңнама талаптары кеңінен түсіндіріліп, арнайы ақпараттық парақшалар таратты.

​Басты мақсат — қоғамда жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік пен адалдық мәдениетін орнықтыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету.

​Заң мен тәртіпті сақтау — әрбір азаматтың ортақ міндеті! Адал қоғамды бірге құрайық!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы