«Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметі туралы есебі
1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кенті әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі - әкім аппараты) жер қатынастары мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрін көрсетеді. 2024 жылы Ақжал кенті әкімінің аппаратына 28 өтініш келіп түсті, оның 13-і берілді, ал бас тарту - 13, 2-сі кері қайтарылды.
Әкім аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша қызметін талдау 2024 жылы Ақжал кентінде 15 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін көрсетті.
Халықты ақпараттандыру, олардың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, заңнама нормаларын бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу ісіндегі маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Халықты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әкім аппаратында ақпараттық стендтер бар, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормалары туралы халықты ақпараттандыруға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.
Тұрақты негізде көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы хабардар болу деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізілді: 1300 буклет таратылды, электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алуды танымал ету бойынша баннер орнатылды.
Электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және «электрондық үкімет» порталын пайдаланушылардың үлесін арттыру мақсатында әкімнің аппарат ғимаратында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді. Оған өз қызметінің бағыттары бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алу бойынша консультациялық көмек көрсететін жауапты тұлға бекітілді.
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі - мемлекеттің басты басымдығы. Сондықтан қызмет көрсетушiлердiң мiндеттерiнiң бiрi мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың мемлекеттiк қызметтердi алуы үшiн қажеттi жағдайлар жасау болып табылады.
Бүгінгі таңда әкім аппаратының ғимараты қызметкерлерді шақыру түймелерімен жабдықталған. Бұдан басқа, Брайльдің бедерлі-нүктелі қарпі бар ақпараттық тақтайшаларды, тактильді тақтайшаларды орнату, сондай-ақ құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келтіру жұмыстары жалғасуда.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру шеңберінде ай сайын белгіленген тәртіпке сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есеп жасалады және Шет ауданы әкімінің аппаратына, жауапты қызметкерге тапсырылады. Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бойынша бұзушылықтар болған жоқ.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ.
«Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде негізгі жұмыс 2025 жылы халықтың алынған қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталатын болады, сондай-ақ электрондық форматта «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жалғастырылады.
Қарағанды облысы
Шет ауданы Ақжал кенті
Аппаратының бас маманы М.Бакирова