Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы.
25-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қараудың ерекшеліктері
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қаралуға жатады.
Орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі, көрсетілетін қызметті беруші, мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган шағымды қараудың нәтижелері бойынша:
1) көрсетілетін қызметті алушының орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі, көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорацияның оның шағымы бойынша қабылдаған шешіміне қанағаттанбау себептерін кешенді зерделеуді қамтамасыз етуге;
2) орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталмау фактісі анықталған жағдайда олардың атына көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру жөніндегі шараларды қабылдау үшін ұсыныстар енгізуге;
3) орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі тарапынан көрсетілетін қызметті алушының шағымын қанағаттандырудың уақтылылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.Шағымды қарау мерзімі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен, орталық мемлекеттік органмен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар мынадай жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін:шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру немесе оқиға орнына барып тексеру жүргізу;қосымша ақпарат алу.Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны және ұзарту себептері туралы жазбаша түрде (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық түрде (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.