2022 жылға арналған Қарағанды облысы Шет ауданы Акжал кенті әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп
1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, Қарағанды облысы Шет ауданы Акжал кенті әкімі аппараты (бұдан әрі – әкім аппараты) жер қатынастары мәселелері бойынша 4 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2022 жылы Акжал кенті әкімі аппаратына 23 өтініш келіп түсті, оның ішінде 6-ы берілді, 5-іне жауап берілді, 1-і қол қоюға жіберілді, 7-уіне бас тартылды, ал 4-і кері қайтарылды.
Әкім аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі қызметін талдау көрсеткендей, 2022 жылы Акжал кентінде 15 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
2. Қызмет алушылармен жұмыс
Халықты ақпараттандыру және олардың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту, заңнама нормаларын бұзудың алдын алу және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу ісінде маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Халықты ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әкім аппаратында ақпараттық стендтер орнатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама нормалары туралы халықты ақпараттандыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы хабардар болу деңгейін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілді: 1330 буклет таратылып, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуды насихаттау үшін баннер орнатылды.
Электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және «электрондық үкімет» порталының пайдаланушылар үлесін ұлғайту мақсатында әкім аппаратының ғимаратында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді. Осы бұрышқа бекітілген жауапты тұлға қызмет алушыларға «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу бойынша консультациялық көмек көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі – мемлекеттің басты басымдығы болып табылады. Сондықтан қызмет көрсетушілердің негізгі міндеттерінің бірі - шектеулі мүмкіндіктері бар адамдарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті жағдайлар жасау.Қазіргі уақытта әкім аппаратының ғимараты қызметкерлерді шақыру түймелерімен жабдықталған. Сонымен қатар, Брайльдің бедерлі-ноталық қарпімен ақпараттық тақтайшалар, тактильді плиткалар орнату жұмыстары жалғасуда, сондай-ақ пандустарды құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келтіру жұмыстары жүргізілуде.Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мәселесі ерекше бақылауда, осыған байланысты 2023 жылы халықтың өмір сүру жағдайларын мемлекеттік қызметтер көрсету арқылы жаңа сапалы деңгейде жақсартуға бағытталған
: жұмыстар жалғасады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауХалыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылауды жүзеге асыру аясында ай сайын көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есеп белгіленген нысан бойынша жасалып, Шет ауданы әкімі аппаратына жауапты қызметкерге тапсырылады. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдеріне қатысты бұзушылықтар анықталған жоқ.Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және болашақтағы тиімділік келешегі«Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2023 жылы негізгі жұмыс халықтың көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта алу мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасады.
Қарғанады облысы Шет ауданы
Ақжал кенті әкімі аппаратының бас маманы М.Бакирова