GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Ішкі саясат
23 октября 2026
«Менің Қазақстаным – менің мақтанышым!»

«Менің Қазақстаным – менің мақтанышым!» 🇰🇿
25 қазан – Республика күніне орай Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл тұрғындары арасында сауалнама өткізілді. Сауалнама барысында тұрғындарға Республика күніне қатысты сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген қатысушыларға қазақстандық шоколадтар табыс етілді.
Іс-шараның мақсаты – Республика күнінің маңыздылығын кеңінен насихаттау, тұрғындардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу және әр азаматтың туған еліне деген мақтаныш сезімін нығайту.

Ішкі саясат
23 октября 2026
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ»

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ» Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігі мен Шет ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Шет агротехникалық колледжінің студенттерімен «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің орынбасары Е. Құрманбаев және Шет ауданы полиция бөлімінің ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Ә.Қасым қатысты. Кездесу барысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастардың заң алдындағы жауапкершілігі мәселелері талқыланды. Заңды құрметтеу – әр азаматтың міндеті, ал тәртіпті сақтау – ортақ жауапкершілік!

Үйге әлеуметтік көмек көрсету
23 октября 2026
ЖАНАШЫР ЖҮРЕК – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ ҮЛГІСІ!

ЖАНАШЫР ЖҮРЕК – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ ҮЛГІСІ!
25 қазан – Республика күніне орай, Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік осал топтағы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында «Жанашыр жүрек» қайырымдылық акциясы өткізілді.
Акция аясында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға қысқы отын жеткізіліп, алдағы қыс мезгіліне дайындалуға көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығының және Шет агротехникалық колледжінің «Жігер» еріктілер тобының қатысуымен жалғызбасты ана Жукенова Анардың үйіне арнайы барып, қысқы отынға арналған ағаштарын жарып, көмек көрсетті. Бұл игі іс – жанашырлық пен қамқорлықтың, қоғамдағы өзара қолдаудың жарқын үлгісі.
Осындай қайырымдылық шаралары көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп қана қоймай, жастарды мейірімділікке, адамгершілікке және үлкенге құрмет, кішіге ізет танытуға тәрбиелейді.
Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі, ал жанашырлық пен қамқорлық – қоғамды біріктіретін асыл қасиеттер. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, ізгілік пен мейірімділікті дәріптеу – баршамызға ортақ міндет.
Мейірім бар жерде – береке бар! 

Кәсіпкерлік
20 октября 2026
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді. Іс-шара барысында негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасы зерделеніп, тұрақтылығы бақылауға алынды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді. Іс-шара барысында негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасы зерделеніп, тұрақтылығы бақылауға алынды.

Жергілікті басқару
09 октября 2026
ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!
Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен округ аумағында жол бойына жақын орналасқан жеке жылқы үйірлерінің жолға шығып кетуінің алдын алу, жол-көлік оқиғаларына жол бермеу және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жиын өтті.
Жиынға ДЭУ, ЖПБ – Жол пайдалану басқармасы, Шет ауданының полиция бөлімі және ветеринариялық станция өкілдері, сондай-ақ жеке жылқы үйірлерінің иелері қатысты.
Кездесу барысында жылқыларды қараусыз қалдырмау, олардың жолға шығуына жол бермеу, мал иелерінің жауапкершілігі және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, соңғы уақытта өзекті болып отырған мал ұрлығының алдын алу мәселесіне де назар аударылды. Малдың жол бойында қараусыз жүруі оның қауіпсіздігіне ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына да қауіп төндіреді.
Малдың иесін анықтау және оның тиесілігін растау үшін малдың сәйкестендіру белгілері мен қажетті құжаттарының болуы маңызды.
Қазіргі таңда округ аумағында малдың қозғалысын бақылау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі жерде блок-бекет қойылды.
Мал иелерін өз малдарына жауапкершілікпен қарап, оларды қараусыз қалдырмауға, жол бойына жібермеуге және жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.
Адам өмірі – ең басты құндылық!
Қауіпсіздікке әрқайсымыз жауаптымыз!
#АқсуАюлы #ШетАуданы #ЖолҚозғалысыҚауіпсіздігі #МалИелері #Қауіпсіздік #ЗаңЖәнеТәртіп 

Жергілікті басқару
09 октября 2026
ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ – АДАМҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІҢ БЕЛГІСІ!

ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ – АДАМҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІҢ БЕЛГІСІ!
Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен ауылымыздағы екі тұрғынның шаңырағына арнайы барып, хал-жағдайын біліп, жылы лебіздерін білдірді.
Кездесу барысында әр шаңыраққа тәттілер салынған сый себеті табысталып, ізгі тілектер айтылды.
Осындай қарапайым кездесулер – тұрғындарға көңіл бөліп, қолдау көрсетудің, жанашырлық танытудың бір көрінісі.
Әр шаңыраққа амандық, мықты денсаулық және береке тілейміз. 

Ішкі саясат
02 октября 2026
«Қариясы бар ел – қазыналы ел»

2026 жылдың 1 қазан күні аудандық мәдениет үйінде Қарттар күніне орай Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігі мен Мәдени-сауық орталығының ұйымдастыруымен «Қариясы бар ел – қазыналы ел» атты мерекелік концерт өтті.
Мерекелік шараның мақсаты – елдің құрметіне бөленген ардақты қарияларға ізет көрсетіп, олардың еңбегін бағалау, үлкенге деген құрметті дәріптеу және ақсақалдарымыз бен әжелерімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
Шара барысында Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің орынбасары Е. Құрманбаев ардақты қарияларды мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық, береке-бірлік және ұрпақтарының қызығын көріп, бақытты ғұмыр кешулерін тіледі.
Мерекелік концерт барысында көрермендерге әндер шырқалып, күйлер орындалып, түрлі өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұсынылды. Көңілді әуен мен әсем әнге бөленген қарияларымыздың жүздерінен қуаныш пен шаттық байқалды.
Кеш соңында ардақты қарияларымыз өз ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.
#ҚарттарКүні #ҚариясыБарЕлҚазыналыЕл #АқсуАюлы #ҮлкенгеҚұрмет #ҚарияларғаҚұрмет БерекеБірлік МерекелікКонцерт

Ішкі саясат
02 октября 2026
ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ!

ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ!

1 қазан – Қарттар күніне орай Ақсу-Аюлы ауылдық округінің 84 жастағы тұрғыны, 42 жыл ғұмырын білім саласына арнап, ұстаздық қызмет атқарған зейнеткер Әбдірахманова Манап әжеміздің шаңырағына арнайы барып, мерекесімен құттықтау білдірілді.
Ардақты әжемізге Шет ауданының әкімі М. Мұхтаров, аудандық мәслихат төрағасы С. Социал, Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің орынбасары
Е. Құрманбаев ізгі тілектерін білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, шаңырағына береке және ұрпақтарының қызығын көріп, қуанышқа бөлене беруін тіледі.

Кездесу барысында Манап әжемізге арнайы құттықтау хаты, гүл шоғы және сыйлықтар табысталды.
Қарияларымыздың өнегелі өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі, айтқан ақыл-кеңесі – баға жетпес қазына. Үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі.
Қарияларымыз аман болсын! Ақ баталарыңыз бен ізгі тілектеріңіз әрдайым ортамызда болғай!
#ҚарттарКүні #ҚариясыБарЕлҚазыналыЕл #АқсуАюлы #ҮлкенгеҚұрмет #ҚарияларғаҚұрмет БерекеБірлік ТәрбиеліҰрпақ

Ішкі саясат
02 октября 2026
ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ!

ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ! 1 қазан – Қарттар күніне орай Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен 80 жастан асқан ардақты Ермекбаев Дәулет ақсақалға және 85 жастан асқан аяулы әжеміз Уалиева Майра апайға арнайы үйлеріне барып, мерекелік құттықтау жасалды. Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі Д. Смаилов және Ақсу-Аюлы ауылдық округі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ. Жуасбаев қарияларға ізгі тілектерін білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық пен ұрпақтарының қызығын көруді тіледі. Ардақты қарияларға арнайы құттықтау хаттары мен сыйлықтар табысталды. Қарияларымыздың өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі, ақыл-кеңесі – баға жетпес қазына. Үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі. Қарияларымыз аман болсын! Ақ баталарыңыз бен ізгі тілектеріңіз әрдайым ортамызда болғай! #ҚарттарКүні #ҚариясыБарЕлҚазыналыЕл #АқсуАюлы #ҮлкенгеҚұрмет #ҚарияларғаҚұрмет

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
28 сентября 2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ!

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ! Ақсу-Аюлы ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпы сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында ауыл аумағы тазаланып, көшелер мен қоғамдық орындардың санитарлық жағдайы жақсартылып және кіші саябаққа тал отырғызу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, арнайы техника жұмылдырылып, көше жолдары жуылып, шаң-тозаңнан тазартылды. Іс-шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және белсенді азаматтар қатысып, туған өлкенің тазалығына өз үлестерін қосты. Таза әрі көрікті ауыл – баршамызға ортақ. Тазалықты сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі! #ТазаҚазақстан #АқсуАюлы #РеспубликалықСенбілік

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы