GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Әкім аппараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Все материалы
15 октября 2026
Маскүнемдіктің алдын алу

 

Ішімдікті шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына, отбасылық қарым-қатынасқа және қоғамдық қауіпсіздікке кері әсерін тигізуі мүмкін. Маскүндіктің алдын алу — салауатты өмір салты мен қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды бөлігі.

Алдын алудың негізгі шаралары:

🔹 салауатты өмір салтын насихаттау; 🔹 жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; 🔹 пайдалы және белсенді бос уақытты ұйымдастыру; 🔹 отбасылық құндылықтар мен жауапкершілікті нығайту; 🔹 ішімдікті шамадан тыс тұтынудың салдары туралы хадардарлықты арттыру.

⚠️ Денсаулық — басты байлық. Алкогольге тәуелділіктің алдын алу — бұл өзіңізге, отбасыңызға және айналаңыздағыларға деген қамқорлық.

🤝 Салауатты қоғам әрбір адамның саналы таңдауынан басталады!

15 октября 2026
Жөндеу жұмыстары

07 қазан-15 қазан 2026 жылы Ақшатау кенті мен Жарылғап батыр ауылы арасындағы 18 шақырым жолға жөндеу, қажетті материалдар төгіп тегістеу жұмыстары жүргізілді. Кент әкімі Шонанова А.Қ мен Жарылғап батыр ауылы азаматтарының бастамасымен басталған жұмыс, “Сұлушоқы” жеріндегі “Ken-Oil” ЖШС-нің көмегімен қаржылау қолдау тауып, олардан погрузчик, камаз техникасы, “Таңатбай” жеріндегі мердігерлерден экскватор, 2 камаз, кенттегі трасса бойындағы 5 лоттан автогрейдер және каток техникалары сұратылып, нәтижесінде 18 шақырым жол біршама жөндеуден өтіп, тұрғындардың көңілінен шықты. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл”- демекші, осы істе бас көтеріп, қол ұштарын берген азаматтарға алғысымыз шексіз.

05 октября 2026
“ Бірге-таза болашақ” атты облыстық сенбілік

26.09.2026жылы “Таза Қазақстан” экоакциясы аясында “ Бірге-таза болашақ” атта облыстық сенбілікке Ақшатау кент округі бойынша 5 мекеме қызметкерлерінің қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді.

05 октября 2026
“Алтын жүректі қарттарым” атты мерекелік іс-шара

Осы мереке қарсаңында кентіміздегі Ақшатау кент әкімдігі мен Мәдениет үйі, кітапхана ұжымдарының ұйымдастыруымен “Алтын жүректі қарттарым” атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекеге орай, Ақшатау кенті мен Жарылғап батыр ауылындағы 75 жастан асқан қарттар арнайы шақырылып, мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама көрсетілді. Мереке соңында қарттарымызға арналған сыйлықтар табысталды. Қарттарымыз дән риза болып алғыстары мен баталарын берді.

24 сентября 2026
“Таза Қазақстан” экоакциясы аясында рейд

“Таза Қазақстан” экоакциясы  аясында, Ақшатау кентіне қарасты Жарылғап батыр ауылы тұрғындарымен, кент әкімі А.Шонанова, учаскелік полиция инспекторы Р.Абилдиннің қатысуымен рейд жүргізіліп, нәтижесінде 5 үй иесіне ескерту әкімшілік хаттамасы толтырылды.

08 сентября 2026
«Үздік аула» облыстық байқауы

Қарағанды облысының барлық тұрғындарының назарына!

Мүлік иелерінің бірлестіктерін, КСК, кондоминиумдарды «Үздік аула» облыстық байқауына қатысуға шақырамыз.

✳️ Байқау «Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы аясында 14 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында өткізіледі.

✳️ Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы.

❗️Байқаудың жүлде қоры 1 миллион теңгені құрайды:

✅ 1-орын – 300 мың теңге

✅ 2-орын – 250 мың теңге

✅ 3-орын – 200 мың теңге

✅ Бөлек номинациялар бойынша ынталандыру сыйлықтары – 50 мың теңге

🌿 Өз аулаңызды бүкіл облыстың мақтанышына айналдырыңыз, дәл қазір өтінім беріп, бас жүлдені ұтып алыңыз! 

🌿 «Таза Қазақстан» сіздің аулаңыздан басталады! 

💥 Өз аулаңыздың жеңіске лайықты екенін дәлелдеңіз!

💥 Қорытындыны 20 қыркүйекке дейін шығарамыз. 

❗️❗️Тез арада 8-775-989-45-43 нөміріне қоңырау шалып, толық ақпаратты біліңіз және өтінім қалдырыңыз.

08 сентября 2026
«Үздік аула» облыстық байқауы

Қарағанды облысы тұрғындарының арасында өткізілетін “ Үздік аула” облыстық байқауы, “Таза аула” экологиялық тұжырымдамасы аясында 14 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында өткізілетін 

1. “Таза Қазақстан” сіздің аулаңыздан басталады!

2. Өз ауласының жеңіске лайық екенін дәлелдеуге лайық үміткер, Шет ауданы, Ақшатау кент округіне қарасты Жарылғап батыр ауылының тұрғыны Қодаров Бекзат Қиязұлының ауласын ұсынамыз.

01 сентября 2026
1 қыркүйек- Білім күні

1 қыркүйек — жаңа жолдың бастауы. Бүгін біреулер үшін алғашқы мектеп қоңырауы соғылады. Біреулер мектеп партасына қайта отырып, достары мен сүйікті ұстаздарымен қауышады. Ал енді біреулер болашақ мамандығына бастар тағы бір маңызды қадам жасайды.                              Әр сабақ, оқылған әр кітап, меңгерілген әр жаңа дағды — күшейіп, өз мақсатыңа жақындай түсуге берілген мүмкіндік. Жаңа дүниелерді жасауға, дұрыс шешім қабылдауға және еліміздің алға қарай дамуына дәл осы білім жол ашады.

Білім күні құтты болсын!

28 августа 2026
Заң және тәртіп

«Заң мен тәртіп» қағидатының негізгі құрамдас бөліктері:

  • Заңның үстемдігі — лауазымы мен мәртебесіне қарамастан, заң барлығына бірдей міндетті.

  • Заң алдындағы теңдік — барлық азаматтардың құқықтары тең және олар бірдей жауапкершілік көтереді.

  • Жауапкершіліктің бұлтартпастығы — кәсіби құқықбұзушылық заңға сәйкес құқықтық бағасын алып, тиісті жазасын алуы тиіс.

  • Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау — мемлекет азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына кепілдік береді.

  • Қоғамдық қауіпсіздік — қылмыстың алдын алу, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  • Сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күрес — мемлекеттік органдар мен бизнес жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету.

  • Азаматтардың құқықтық мәдениеті — заңды құрметтеу, жүріс-тұрыс ережелерін сақтау және азаматтық жауапкершілік.

  • Сот және құқық қорғау органдарының тиімді жұмысы — әділ сот төрелігі және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімі.

Қысқаша айтқанда, «Заң мен тәртіп» мынаны білдіреді: заңды құрметтеу, әділдік, қауіпсіздік, жауапкершілік және әрбір азаматтың құқығын қорғау.

25 августа 2026
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары

Ақшатау кенті әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы