GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
12 октября 2026
Ақадыр кентінде «Керуен Маркет» әмбебап дүкені ашылды

 

Бүгін Ақадыр кентінің орталық көшесінде жаңа «Керуен Маркет» әмбебап дүкенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шара барысында кент әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы А. Есімғалиев кәсіпкерді жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, кәсібіне береке, жұмысына табыс және алдағы бастамаларына сәттілік тіледі.

Ашылу рәсімі мерекелік көңіл-күйде өтті. Шара аясында дүкеннің ашылу лентасы қиылып, ақ жаулықты әжелер шашу шашып, жаңа нысанның жұмысына ақ баталарын берді. Сонымен қатар тұрғындар арасында лотерея ойнатылып, қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды. Лотереяның бас жүлдесі ретінде тұлпар ойнатылды.

Мерекелік бағдарлама барысында әсем әндер шырқалып, түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылды. Шараға қатысқан тұрғындар көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, жаңа сауда нысанының ашылуына куә болды.

«Керуен Маркет» әмбебап дүкенінің ашылуы — кент тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Жаңа нысанның ел игілігіне қызмет етіп, жергілікті кәсіпкерліктің дамуына үлес қосуына тілектеспіз.

«Керуен Маркет» ұжымына толағай табыс, тұрақты даму және мол береке тілейміз!

29 сентября 2026
ҚОЖАНӘСІП АҢСАҒАН – ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!

Ақадыр кентінің тумасы, мектебіміздің түлегі Қожанәсіп Аңсаған тоғызқұмалақтан әлем чемпионатында ел мерейін асқақтатты.

Қыркүйек айының 21–27 аралығында Румынияның Бухарест қаласында тоғызқұмалақтан ересектер арасында әлем чемпионаты өтті.

Халықаралық додаға қатысқан Қожанәсіп Аңсаған – ауданымыздың мақтанышы, мектебіміздің түлегі, қазіргі таңда тоғызқұмалақ бөлімінде жаттықтырушы болып қызмет атқарып келеді.

Жарыс барысында спортшымыз рапид түрінен жүлделі II орынға ие болып, ал блиц түрінен әлем чемпионы атанды.

Бұл – тек спортшының ғана емес, туған жері мен мектебінің, сондай-ақ ұлттық спортты дамытуға үлес қосып жүрген барша жанашырлардың ортақ қуанышы.

Қожанәсіп Аңсағанның бұл жеңісі – ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтың әлемдік деңгейдегі беделін айқындайтын айтулы жетістіктердің бірі.

Ақадыр кентінің тұрғындары атынан Қожанәсіп Аңсағанды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаттықтырушы-спортшыға мықты денсаулық, толағай табыс, биік белестер мен халықаралық жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз!

Жеңісті жолыңыз жалғаса берсін! Туған жердің мерейін үстем ете беріңіз!

14 сентября 2026
ЖАС ЧЕМПИОНҒА ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында Қарағанды облысының спортшылары ел қоржынына екі медаль салды. Сол жүлделердің бірін жерлесіміз Еркен Бекәлі иеленіп, 73 келіге дейінгі салмақта қола медальға қол жеткізді.

Әлем чемпионатына 59 елден 457 спортшы қатысып, Қазақстан құрамасы әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік нәтижесіне қол жеткізді.

Жас спортшының халықаралық аренадағы жоғары жетістігін бағалаған Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Еркен Бекәліге автокөлік тарту етті. Ал оның жаттықтырушысы Ерсайын Омаровқа ақшалай сертификат табысталды.

Бұл – жас спортшының табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ бапкерінің кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Жерлестеріміз Еркен Бекәлі мен Ерсайын Омаровты айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, Қазақстанның көк Туын көкке көтере берулеріңізге тілектеспіз!

14 сентября 2026
ЖЕРЛЕСІМІЗ – КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ 🥉

Қырғыз Республикасында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жерлесіміз Қожанәсіп Аңсаған Азаматқызы овари ойынынан жүлделі III орынға ие болып, қола медальмен марапатталды.

Бұл – Аңсаған Азаматқызының спорттағы табандылығы мен қажырлы еңбегінің, жоғары шеберлігі мен жігерінің жемісі. Халықаралық деңгейдегі дүбірлі додада ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орыннан көрінуі – жерлестері үшін зор мақтаныш.

Қожанәсіп Аңсаған Азаматқызын айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

Спортшыға зор денсаулық, отбасына амандық, спорттық мансабына толағай табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!

Ел мерейін үстем етіп, көк байрағымызды биікте желбірете беріңіз!

14 сентября 2026
Кенттегі футбол алаңы жаңартылды

Ақадыр кентіндегі М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектептің жанында орналасқан футбол алаңы жаңартылып, қайта жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Заманауи талаптарға сай жабдықталған спорт алаңы балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен тұрақты айналысуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруына қолайлы жағдай жасайды.

Жаңартылған футбол алаңы жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл нысан кент тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосады.

Жаңа спорт алаңы балалар мен жасөспірімдер үшін игілікті мекенге айналып, спорттық жетістіктерге бастайтын алаң боларына сенім мол.

02 сентября 2026
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауында жүлделі ІІ орын

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарын іске асыру мақсатында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауы өткізілді.

Аталған байқауға Шет ауданының атынан Ақадыр кенті әкімінің орынбасары Тасырбаева Гаухар Болатқызы қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша Гаухар Болатқызына Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының атынан арнайы диплом және 200 000 теңге көлеміндегі сертификат табысталды.

Бұл – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, тіл тазалығын сақтауға және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған еңбектің лайықты бағасы.

Шет ауданының атынан қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен Гаухар Болатқызын құттықтаймыз! Еңбегіңіз жемісті болып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіңізге тілектеспіз!

02 сентября 2026
БАЛАЛАРҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚАМҚОРЛЫҚ – ЕЛГЕ ЖАСАЛҒАН ИГІЛІК

Жақсылық – жүректен басталып, елге тарайтын ізгі іс. Осындай сауапты істің жарқын үлгісін көрсетіп, туған жері – Ақадыр кентінің балаларына жыл сайын қолдау білдіріп келе жатқан жерлесіміз, «Astana Motors» компаниялар тобының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов мырзаға алғысымызды білдіреміз.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Нұрлан Смағұловтың демеушілігімен Ақадыр кентіндегі үш жалпы орта білім беретін мектепте оқитын 150 балаға қажетті оқу құрал-жабдықтары табысталды.

Жылдағы дәстүр бойынша қайырымдылық шарасын кентіміздің қоғам белсендісі Бимакаева Алтын Асанханқызы ұйымдастырып, игі істің жүзеге асуына зор үлес қосты.

Балалардың қуанышына ортақ болып, олардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасау – үлкен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Әсіресе, туған жердің жас ұрпағына жыл сайын қамқорлық танытып, қолдау көрсету – көпке үлгі боларлық игі іс.

Осы орайда Нұрлан Смағұлов атындағы қайырымдылық қорына, Нұрлан Смағұлов мырзаға және игі шараның ұйымдастырылуына үлес қосқан барша азаматтарға шынайы ризашылығымызды білдіреміз!

Жақсылықтарыңыз еселеніп, әрбір игі бастамаңыз ел игілігіне қызмет ете берсін! Еңбектеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық, ал жас ұрпаққа жарқын болашақ тілейміз!

26 августа 2026
ЖЕРЛЕСІМІЗ ЕРКЕН БЕКӘЛІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында ел намысын қорғаған жерлесіміз Еркен Бекәлі 73 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды! 🥉🇰🇿

Бұл – жас спортшының табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ жаттықтырушысы Ерсайын Омаровтың кәсіби дайындығының жемісі. 🥋

Жас спортшымызды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындырып, көк туымызды талай мәрте жеңіс тұғырында желбірете берсін!

Жарайсың, Бекәлі! Қола жүлде құтты болсын! 🎉🇰🇿

26 августа 2026
КӨШЕ ТҰРҒЫНДАРЫН АРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Кент аумағында санитарлық тазалықты сақтау және абаттандыру талаптарын орындау бағытында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кент әкімдігінің қызметкерлері Т. Аубакиров және А. Матросов көшелеріндегі жеке тұрғын үйлерді аралап, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аралау барысында аулалар мен тұрғын үйлерге іргелес аумақтарды таза ұстау, шөптерді уақытылы ору, тұрмыстық қалдықтарды жинау және абаттандыру талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді.

Тазалық пен тәртіп – баршаға ортақ міндет. Кенттің көркейіп, таза әрі жайлы болуы әр тұрғынның жауапкершілігіне байланысты.

Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

19 августа 2026
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары!

 

Қарағанды облысы бойынша жыл басынан бері 2 292 интернет алаяқтық деректері тіркеліп, көбінде, бұл қылмыстың түрі ұялы телефондарды қолдану арқылы жасалады.

Алаяқтар банктік ақпаратқа қол жеткізу үшін азаматтардың қажетті жеке мәліметтерін алудың түрлі тәсілдерін қолданады: жоғары лауазымды полиция қызметкерлері WhatsApp мессенджеріне алдын ала қолдан жасалған, растайтын құжаттарды тастай отырып ұсынады: елтаңбалы мөрмен расталған қызметтік куәліктерді, қылмыстық іс қозғау туралы қаулы түрлі банктердің қаржы бөлімдерінің қызметкерлері ұсынады.

Мысалы, Қарағанды қалалық полиция басқармасының Киберпол бөлімшесімен аз. А. арызы бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде, іс құжаттарына сәйкес белгісіз тұлғалар оның атынан онлайн несие алып, алған қаражатты жымқырған.

Көбінде Сізге несие рәсімделгені туралы жаңылыстырады және олар банк картасы бойынша мәліметтерді, карточка нөмірін, банк картасының артқы жағында орналасқан CV кодын хабарлауды сұрайды және алаяқтар WhatsApp мессенджеріне қонырауларды пайдаланады, өйткені WhatsApp қоңырауларды бақылау қиын, өйткені бұл адамдар ел ішінде де, одан тыс жерлерде де болуы мүмкін.

Интернет-алаяқтық «Колеса», «Крыша», «OLX» интернет-сайттарын пайдалану арқылы да жасалады. Әлеуметтік желілер арқылы: «Инстаграмм», «Телеграмм», «Фейсбук», «ВКонтакте», арқылы мүлікті сату туралы хабарландыруды жариялау кезінде.

Сонымен қатар, алаяқтар көбінесе қымбат заттардың өте төмен құнын пайдаланады, осылайша сатып алушыларды тартады.

Қазіргі уақытта қылмыстың осы түрін жандандыруға байланысты ішкі істер органдары қылмыстың осы түрін жасауға жол бермеуге бағытталған шаралар қабылдауда.

ІІМ АБАЙЛАҢЫЗ - ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАР қылмыскерлердің алаяқтық әрекеттері туралы ескерту сипатындағы SMS хабарламалар жібере басталды.

Республиканың ішкі істер органдары азаматтарды сақ болуға және негізгі сақтық шараларын ұстануға шақырады. ІІМ негізгі ұсынымдары:

  1. Ешқандай жағдайда банктер немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің несие беру, мүлікті сату және ақшасын қауіпсіз шоттарға аудару немесе несие беру туралы телефон нұсқауларын орындамаңыз. Құқық қорғау органдары телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейді.
  2. Өзінің дербес деректерін, пластикалық карталардың деректемелерін ешкімге хабарламау, аударымдар туралы түбіртектерді, тіпті банк, полиция қызметкерлері болып табылатын тұлғаларға кодтар мен кодтық сөздерді және т.б. бермеуді талап етеміз.
  3. Жеке деректерді белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге бермеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбегеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісуге тырысыңыз. Мұндай қызметтер, мысалы Қазпоштамен көрсетіледі.
  4. Күмәнді мәмілелер бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз, ашық кіріс көзінсіз қаржылық схемалардан сақ болыңыз.

5.Қолданбаларды орнату үшін тек ресми App Store, Play Market және т.б. пайдаланыңыз.

  1. Өтпеуге сілтемелер бойын- ша жіберуді, мысалы жалған төлемдер жасалғандай болып көрсетілуі мүмкін, жеке тұлғалар төлем жасау үшін жеке ұялы телефондағы бағдарламалардың СПАМ-сілтемесі жеке терезесі арқылы белгісіз тұлғалардан хабарлама ретінде келу мүмкін.
  2. Банкинг қызметтеріне қолжетімділік құпия сөздерін үнемі ауыстырып отыруді, яғни 3D қорғауды және банктер ұсынатын басқа да, қауіпсіздік шараларын пайдаланып отыруды.
  3. Негізінде тұлғаларға өздерінің шоттарындағы ақша қозғалысын жиі тексеріп отыруды ескертеміз.

 

ҚСжАЕК Қарағанды облысы бойынша Департаменті

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы