Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32211
болып тіркелді.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 16-бабының
3-тармағына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы
комплаенс-қызметтер туралы қоса беріліп отырған
Үлгілік ереже
бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметі заңнамада белгіленген
тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.