Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2020 жылы 29 қаңтарда № 19941
болып тіркелді.
"Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"
Заңының 7-бабының сәйкес 4-1-тармағына БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
төрағасының 19.08.2026 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу
бекітілсін. қағидалары
2. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2016
жылғы 19 қазандағы № 13 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік бұйрығының
тіркеу тізілімінде № 14431 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде
2016 жылғы 6 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында
орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі)
Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі

Дата публикации
18 сентября 2026