Меню

Страницы

Статья

«Еңбек жолы» конкурсы туралы

Қазақстанда «Еңбек Жолы» конкурсы жастарды еңбектi құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерiн сақтау, көбейту мақсатында және үздiк еңбек әулеттерi мен өндiрiс жұмыскерлерiн айқындауға мүмкiндiк бередi. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделiн арттыруға және өнiмдi еңбектi ынталандыруға ықпал етедi.

«Еңбек жолы»конкурсын(бұдан әрi — Конкурс) өткiзудiң мақсаты:

1.Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтiк жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиiмдi iске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау;

2.Еңбек адамдары туралыоң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерiн құру үшiн кәсiпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;

3.Қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулi үлес қосқан отандастарының жетiстiктерi үшiн мақтаныш сезiмiн тәрбиелеу.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп санды әулет таңдалады.

2) «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады. 

Конкурс 2 кезеңде өтеді:

1-кезең өңірлік деңгейде өткізіледі.

2-кезең республикалық деңгейде сәйкес облыстың жеңімпаздары арасында өткізіледі.

Барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін осы конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2020 жылғы 20 сәуірге дейін қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласыңыз: Калинин көшесі, 17 үй, 15 кабинет, телефон 8 (72156) 3-59-47.

 

Дата публикации
20 апреля 2020
Дата обновления
20 апреля 2020
Тип

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Пресс-служба аппарата акима города Шахтинска
presssluzhbagshakhtinska

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы