Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, референдум тағайындалған күннен бастап өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылысыз.
https://sailau09.gov.kz/ru сілтемені пайдалана отырып, онлайн-сервис арқылы өзіңізді Сайлаушылар тізімінен тексере аласыз, сондай – ақ, ақпараттық Сall-орталық арқылы азаматтардың сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтініштері бойынша 8/72156/53252, 8/72156/54240 телефондарына немесе Shahtinsk_cancel@krg.gov.kz и Shahtinsk_dokument@krg.gov.kz электрондық мекенжайға хабарласа аласыз.
Құрметті сайлаушылар! Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз референдумға қатысуға қатысты конституциялық құқығыңыздың жүзеге асырылуының кепілі болып табылады.
ӨЗІҢІЗДІ САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІНЕН ТЕКСЕРІҢІЗ!
ӨЗ ТАҢДАУЫҢЫЗДЫ ЖАСАҢЫЗ!