Меню

Страницы

Статья

«Күміс жас» жобасы

Зейнеткерлік жас алдындағы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін 2022 жылдан бастап «Күміс жас» арнайы жобасы іске қосылады. Жобаны іске асыру кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жүргізілетін болады.

 Жобаға қатысу үшін бір жылдан астам уақыт жұмыс істейтін және тұрақты салық және басқа да әлеуметтік аударымдар жүргізетін, сондай-ақ жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар шақырылады.

«Күміс жас» жобасы бойынша жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындардан тыс құрылуы тиіс. Олар ауыр жұмыстарда, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда және ұлттық кәсіптер жіктеуішіне сәйкес біліктілігі төмен қызметкерлердің 9-тобына жататын кәсіптер бойынша құрыла алмайды.

«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі 12 айдан аспайды. Қатысу кезеңінде халықты жұмыспен қамту орталығы зейнеткерлік жас алдындағы адам жалақысының бір бөлігін бюджет қаражаты есебінен субсидиялайды.

Жалақыға берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып, жалақы мөлшерінің 50% - ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды.

Қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жас алдындағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.

 

Дата публикации
29 апреля 2022
Дата обновления
29 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Пресс-служба аппарата акима города Шахтинска
presssluzhbagshakhtinska

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы