01.01.2022 жылдың жағдайы бойынша өңірде кедейлік деңгейі 0,5 % (68 отбасы –298 адам) құрайды.
Халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі және тағы басқа да төлемдер көрсетіледі.
2021 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 22564,4 мың теңге соммасында 68 отбасының 298 алушысына төленді; тұрғын-үй көмегі 2569,5 мың теңге соммасында 72 отбасына 112 алушысына төленді, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек-балаларға ақшалай қамтамасыз ету 992,9 мың теңге соммасында 25 алушыға төленді; жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек 69669,0 мың теңге соммасында 6022 алушыға төленді.
Бекітілген кезеңдік түгендеу (паспорттау) жоспарына сәйкес 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 54 әлеуметтік инфрақұрылым нысандары құжаттандырылды, олардың ішінен 15 нысан бейімдеуге жатады. 2022 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша 15 нысан бейімделген.