2026 жылдың 1 қаңтарына сәйкес Шахтинск қаласы бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің (одан әрі- КПТҮ) барлық саны – 524 құрайды, оның ішінде Шахтинск қаласында - 296 КПТҮ, Шахан кентінде 118 КПТҮ, Новодолинский кентінде 103 КПТҮ, Долинка кентінде 7 КПТҮ. Авариялық және ескірген тұрғын үйлер жоқ.
|
Елді мекеннің атауы |
Адам саны |
Үйлер саны |
|
|
Шахтинск қ. |
38 031 |
9 қб - 11 5 қб - 208 4 қб - 5 3 қб - 7 2 қб - 65 |
КПТҮ - 296 (728 357,9 м2) |
|
Жеке сектор - 1915 үйлердің |
|||
|
Шахан к. |
7 453 |
КПТҮ – 118 5 қб- 35 4 қб - 7 3 қб - 1 2 қб - 75 (171 326,2 м2) Жеке сектор -689 үйлердің |
|
|
Долинка к. |
6 020 |
КПТҮ (2 қб) – 7 (3 364,4 м2). Жеке сектор -1427 үйлердің |
|
|
Новодолинский к. |
5 452 |
КПТҮ (2қб) – 103 (66 796 м2) Жеке сектор -926 үйлердің |
|
|
Шахтинск қ. бойынша |
56 956 |
КПТҮ – 524 (969 844,8 м2) Жеке сектор – 4957 үйлердің |
|
1. Кондоминиум объектілерін басқару нысандарын құру:
Шахтинск қаласы бойынша 492 көпқабатты тұрғын үйде (бұдан әрі – КПТҮ) кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысандары құрылды, оның ішінде 81 мүлік иелері бірлестігі (МИБ), 198 жай серіктестік (ЖС) және 213 тікелей бірлескен басқару (ТББ) нысаны бар.
2025 жылы көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерімен ЖС-тан ТББ-ға көшу және МИБ құру мәселелері бойынша 300-ден астам кездесу өткізіліп және барлық қажетті материалдар әлеуметтік желілерде орналастырылды.
2025 жылғы 19 желтоқсанда Шахтинск қалалық мәслихатының шешімімен «2026 жылға арналған Шахтинск қаласы және оған іргелес кенттер бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері» бекітілді, онда жұмыстардың 1 шаршы метріне ең төменгі құны – 39 теңге болып белгіленді.
2. Кондоминиум объектілерін тіркеу жөніндегі Жол картасының орындалуы:
2025 жылы Шахтинск қаласы бойынша 98 көпқабатты тұрғын үйді мемлекеттік тіркеу жоспарланған. Оның ішінде 84 КПТҮ тіркелді. 14 КПТҮ тіркеу 2026 жылға ауыстырылды.
3. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеу:
ТКШ-ны жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында 2014–2023 жылдар аралығында 11 көпқабатты тұрғын үй аталған бағдарламаға қатысты, оның ішінде 9 КПТҮ-де шатырға күрделі жөндеу жүргізілді, ал 2 КТҮ-де лифт жабдықтары ауыстырылды.
2025 жылы КПТҮ тұрғындарымен мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ортақ мүлікті жөндеу мәселелері бойынша 300-ден астам жиналыс өткізілді.
2025 жылы 2 КПТҮ бойынша құжаттар «Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығына» жолданды, оның ішінде: 40 жыл Жеңіс көшесіндегі №65а үй (лифтіні ауыстыру бойынша) және Абай Құнанбаев даңғылындағы №68Б үй (шатырды жөндеу бойынша). Аталған үйлер КПТҮ жөндеу кезегіне енгізілді.
4. Тұрмыста газ баллондарын пайдалану:
Шахтинск қаласының аумағында баллонды газды жеткізулеп 3 газбен жабдықтаушы ұйым айналысады: «ХантерАГЭС» ЖШС, УГХ «ГазОИЛ» ЖШС, «Асад» ЖК.
Тұрмыста газ баллондарын қауіпсіз пайдалану мақсатында Шахтинск қаласы бойынша редукторлы газ баллондары вентильді баллондарға ауыстырылды.
2025 жылы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен 300-ден астам жиналыс, сондай-ақ пәтерлерді аралау жұмыстары жүргізіліп шамамен 500 буклет таратылды.
МИБ, ЖС, ТББ төрағаларымен, сондай-ақ пайдаланушы ұйымдардың басшыларымен 4 дөңгелек үстел өткізілді. Онда Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының және көпқабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар тұрғын үй инспекциясының мамандары қала ТЖБ қызметкерлерімен бірлесіп тұрмыста баллонды газды пайдаланатын ұйымдардың объектілеріне тексеру жүргізді, сондай-ақ автожанармай құю станцияларында (АЗС) тұрмыстық газ баллондарын толтыру фактілеріне тексеру жасалды. Тексеру қорытындысы бойынша АЗС-терде тұрмыстық газ баллондарын толтыру фактілері анықталған жоқ.
Бұдан бөлек, қала ТЖБ-дан газ иісі бойынша 22 материал келіп түсті, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 306-бабына сәйкес 9 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды, сондай-ақ 15 ескерту берілді.
Газ баллондарын қауіпсіз пайдалану бойынша барлық қажетті материалдар (буклеттер және т.б.) WhatsApp, Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде орналастырылды (7 жарияланым).