Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық жұмыстар

Қоғамдық жұмыстарды жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастырады.

Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы он екі айдан аспайды.

Общественные работы имеют следующие особенности:

1) жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында немесе икемді кесте бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі;

2) аймақ үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдалылық;

3) арнаулы білімі жоқ адамдарды уақытша жұмысқа орналастыру мүмкіндігі беріледі.

Қоғамдық жұмыстар барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін, жалақысы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс істейтін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.

Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын құру жолымен ұйымдастырылады.

Мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, пробация қызметінде тұрған адамдар үшін құрылатын жұмыс орындарын қоспағанда, кезекті қаржы жылына қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны қызметкерлердің тізімдік санының 40% - ынан аспайды.

 Қоғамдық жұмыстарға қатысады:

1) жұмыссыздар;

2) студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда;

3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар.

Қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін үміткерлер жұмыспен қамту орталықтарына мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:

- жеке басты куәландыратын құжат;

- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

- білімі туралы құжаттар (аттестат, куәлік, диплом), оқығанын растайтын құжаттар (куәлік, сертификат).

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға ниет білдірген жалпы білім беретін мектептің он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі студенті немесе жоғары сынып оқушысы өтінішке қоса береді:

- ата-анасының бірінің не заңды өкілдерінің жазбаша келісімі;

- оқу орнының оқу процесінен тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуға жазбаша келісімі.

 Бос тұрып қалуға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адам өтінішке жұмыс берушінің толық емес жұмыс уақыты режиміне немесе жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына ауыстыру туралы немесе әлеуметтік демалыс беру туралы немесе мәжбүрлі түрде жұмыстан шығу, жалақысы сақталмайтын демалыс туралы актісін қоса береді (ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлер үшін).

Жеке куәлік пен деректер "Еңбек нарығы" ААЖ енгізілгеннен кейін құжаттар үміткерге қайтарылады.

Жұмыс беруші Еңбек кодексінің 33-бабына сәйкес қоғамдық жұмыстарға қабылданған үміткермен еңбек шартын жасасады. Жұмыс беруші қоғамдық жұмыстарға қатысатын адаммен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізеді.

Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамның еңбек қызметі кезеңі оның еңбек өтіліне есептеледі.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен өз еркімен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберіледі.

Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақы мөлшерін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескере отырып, 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштен төмен емес белгілейді.

Орындалатын жұмыстың күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақы белгілейді.

Азаматтардың қатысу шарттары және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларымен айқындалады.

Дата публикации
20 октября 2021
Дата обновления
21 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Пресс-служба аппарата акима города Шахтинска
presssluzhbagshakhtinska

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы