Меню

Страницы

Статья

«Жұмыс» порталы туралы

Еңбек нарығы туралы өзекті ақпаратты алу мақсатында, бос орындар мен түйіндемелерді тегін орналастыру арқылы жұмыс іздеу және қызметкерлерді таңдау үшін Порталды пайдалану мүмкіндігі туралы хабарлаймыз.
Міндеті жұмыс іздеуде және қызметкерлерді таңдауда жәрдем көрсету болып табылатын, «Жұмыс» ақпараттық порталында (www.enbek.kz) әр түрлі көздерден күнделікті бос орындар және түйіндемелер жарияланады: тікелей жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерден, жұмыспен қамту жеке агенттіктерінен, республикамыздағы бұқаралық ақпарат құралдарынан, жұмыспен қамту органдарынан. Порталда бос жұмыс орындар мен түйіндемелер туралы өзекті ақпараттарды алуға және орналастыруға барлық кірушілерге еркін қолдануға рұқсат берілген. Ақпараттар қолмен және автоматтық түрлерінде тегін орналастырылады.
Порталда мынадай «Аймақтардағы бос жұмыс орындар» – барлық аймақтар, «Қызмет салалары бойынша бос жұмыс орындар» – барлық салалар, «аймақтардағы түйіндемелер» және «Қызмет салалары бойынша түйіндемелер» деген бөлімдер бар.
Барлық жұмыс берушілер өздерінің бос жұмыс орындарын орналастыра алады және орналастырылған түйіндемелердің ішінен өздеріне лайықты қызметкерлерді жинай алады, сондай-ақ ізденушілер де өздері үшін лайықты бос жұмыс орындарын таба алады.
Құрметті жұмыс берушілер мен ізденушілер, Сіздерді «Жұмыс» порталында ынтымақтастыққа шақырамыз, өйткені Сіздің ынталарыңыз сіздердің кәсіпорындарыңызды талап етілген мамандармен және кадрлармен қамтамасыз етуге көмектеседі. Ал жұмыс іздеп жүрген азаматтарға тікелей жұмыс берушілерге хабарласып, жұмыс іздеу процессін жылдамдатады.

Дата публикации
27 февраля 2020
Дата обновления
27 февраля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Пресс-служба аппарата акима города Шахтинска
presssluzhbagshakhtinska

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы