Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік әріптестік еңбек қатынастарды дамыту үшін негіз болып табылады

Әлеуметтік әріптестік – қызметкерлер, жұмыс берушілер, мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын реттеу және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты басқа да қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қарым-қатынас жүйесі. 

Қалалық Үшжақты комиссия отырыстарында жыл сайын әлеуметтік әріптестіктің одан әрі дамуына, әлеуметтік және экономикалық даму сұрақтары бойынша шешім қабылдау кезінде оның мүмкіндіктерін тиімді қолдануға, еңбек қатынастарын реттеуге қатысты, сондай-ақ еңбек даулары мен жанжалдарын шешу сұрақтары қарастырылады.

Еңбек қатынастары саласында туындауы мүмкін әлеуметтік жанжалдардың бір түрі ұжымдық еңбек даулары болып табылады. Олардың жеке еңбек дауларынан айырмашылығы едәуір ауқымдылығымен сипатталады және оған қатысатын тараптарға ғана емес, сондай-ақ олармен әр түрлі құқықтық қарым-қатынастардағы тұлғалар мен тұтастай алғанда, қоғам үшін өте ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Сондықтан, тараптар үшін өзара тиімді нәтижеге жету және ереуілдердің алдын алу мен ұжымдық еңбек дауларын шешудің нақты құқықтық механизмінің болудың өте үлкен әлеуметтік маңызы бар.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сай ұжымдық еңбек даулары мынадай реттілікпен шешіледі: жұмыс беруші, шешу мүмкін болмаған жағдайда – татуластыру комиссиясы, онда келісімге қол жеткізілмеген кезде – еңбек төрелігі, ол реттемеген мәселелер бойынша – соттар қарайды.

Шахтинск қаласында Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үшжақты комиссияның жұмыс тобы мүшелерінің санынан құрылған ұжымдық еңбек дауларын алдын алу және шешу сұрақтары бойынша Кеңес әрекет етеді.

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үш жақты комиссияның ұжымдық еңбек дауларын алдын алу және шешу жөніндегі Кеңестің қызметі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне негізделеді және ұжымдық еңбек дауларын қарау кезінде дәнекер ретінде қатысып және тараптардың өкілдерімен отырыстар түрінде жүргізіледі.

Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де актілерімен және тұрақты жұмыс істейтін Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қалалық үш жақты комиссия туралы Ережемен реттеледі.

Комиссия еңбек қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл, ұжымдық еңбек дауларын шешуді реттеу бойынша шаралар қабылдайды, сол ретте жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуде орын алған тәжірибені қолданады.

Кеңес жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы сенімді нығайтуға жәрдемдеседі, ұжымдық келіссөздер жүргізу бойынша кеңестер береді және ақпараттармен тиімді алмасуды ұйымдастырады, еңбек дауларын шешу бойынша жұмыс жүргізеді. Сондай-ақ ұжымдық еңбек дауларының туындау жағдайын болжау жасалады және оларды дер кезінде шешуге көмектеседі, ұжымдық еңбек дауының тараптар арасындағы байланыстарды орнатуға жәрдемдеседі.

Кеңес ұжымдық еңбек дауларын шешу туралы алдын-ала келіссөздер жүргізуге және еңбек даулары туындауы бойынша мәселелерді өзінің отырыстарында алдын-ала қарауға құқылы.

Бұл шаралар лайықты еңбек етуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік үйлесімділік пен әлеуметтік жанжалдарды азайтуға жағдай жасауға бағытталған. Әлеуметтік әріптестік мемлекеттік, еңбек және капитал мүдделерін үйлестірудің маңызды құралы болып табылады. Негізгі міндет - әлеуметтік серіктестік жүйесін одан әрі дамыту, оның тұтастай алғанда елдің дамуының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге әсер етуінің тиімділігін арттыру.

 

Қалалық үшжақты комиссия

Дата публикации
27 февраля 2020
Дата обновления
27 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Пресс-служба аппарата акима города Шахтинска
presssluzhbagshakhtinska

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы