Меню

Страницы

Статья

ТТО объектілердің басшыларының назарына

Ағымдағы жылдың 13 мамырында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң, 2020 жылдан 13 қарашада бастап заңды күшіне енеді) қол қойылды, осы заңмен де террористік тұрғыдан осал объектілердің (бұдан әрі - ТТО объектілері) терроризмге қарсы қорғалуын реттеу бөлігінде өзгерістер енгізілген.

Өзгерістерге сәйкес, осы салада объектілердің әртүрлі санаттарына олардың салалық тиесілілігіне және терроризмге қарсы қорғаудың белгілі бір талаптарының қызмет бағытына байланысты бекітуді көздейтін салалық тәсіл енгізіледі.

Осыған байланысты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» (осы қаулымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 05 сәуірдегі №191 қаулысының күшін жою қарастырылған) және «Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» (осы қаулымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы №876 қаулысының күшін жою қарастырылған) Үкімет қаулыларының жобаларын әзірлеп, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауына енгізді.

Осы нормативтік құқықтық актілер қабылданғаннан кейін бейінді ведомстволардың алдына ведомстволық бағынысты объектілердің ерекшеліктерін ескере отырып, 2020 жылдың соңына дейін ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі өз нұсқаулықтарын және техникалық регламентті әзірлеу міндеті қойылады.

Сонымен қатар, заңнамалық өзгерістер аталған салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын ішкі істер органдарының қызметіне де қатысты болды.

Жаңадан енгізілген нормаларға сәйкес барлық белгіленген талаптарға сәйкес келетін объектілер үшін тексеру мерзімділігі екі жылда бір рет болып  қысқартылды. Сондай-ақ, террористік қауіптілік деңгейі жарияланған жағдайда, сонымен қатар бұрын анықталған бұзушылықтарды жоюды қайта тексеру мақсатында жүргізілуі мүмкін «мерзімді» және «жоспардан тыс» тексеру ұғымдары енгізіледі.

Заңмен ТТО объектісінің меншік иесіне терроризмге қарсы қорғау жүйесіндегі кемшіліктерді жою үшін берілетін мерзім бір жылға дейін ұлғайтылды.

 

Өз кезегінде, бұрынғыдай объектілердің басшылары терроризмге қарсы қорғалуға қаржы қаражатын көздеуге, терроризмге қарсы даярлық бойынша өз персоналымен оқу және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға, уәкілетті мемлекеттік органдар, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар жүргізетін терроризм актілеріне әрекет ету мәселелері жөніндегі іс-шараларға қатысуға міндетті.

Сондай-ақ заңнамалық өзгерістермен тексеруді жүзеге асыру тәртібі, тексеруші органның да, тексеру субъектілерінің де құқықтары мен міндеттері, тексеру нәтижелеріне сот және жоғары тұрған органдарға шағымдану мүмкіндігі егжей-тегжейлі реттелген.

ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы саласын реттеудің жаңа заңнамалық тетіктерін құқық қолдану практикасына уақтында енгізу мақсатында ішкі істер министрлігі мынадай шараларды қабылдады:

1.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 540 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 582 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» бұйрығына қол қойылды (2020 жылғы 14 қарашадан бастап заңды күшіне енеді).

Осы бұйрыққа сәйкес бұдан әрі ТТО объектілерін тексеру тексеру парағынсыз, бірақ бейінді техникалық регламенттер негізінде жүзеге асырылатын болады.

2.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 698 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1217 «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулысы (бұдан әрі – қаулы 2020 жылғы 14 қарашадан бастап заңды күшіне енеді) қабылданды.

Қаулымен ТТО объектілерін (күзет құрылымдары, қарауылдар, жауынгерлік ауысымдар) күзетуді қамтамасыз ететін адамдардың мәртебесі нақтыланды, олардың паспорттарын әзірлеу кезінде объектілердің ерекшеліктері ескерілді, осы салада мемлекеттік бақылауға жатпайтын ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Арнайы мемлекеттік орган объектілерінің (ҰҚК, МКҚ) терроризмге қарсы қорғалу паспорттарын келісу қажеттігі туралы норма алып тасталды.

 

 «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ

Дата публикации
15 декабря 2020
Дата обновления
15 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Пресс-служба аппарата акима города Шахтинска
presssluzhbagshakhtinska

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы