





Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде тойланады. Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында мыналар жүзеге асырылды:
2026 жылдың 29 қаңтарында Шахтинск технологиялық колледжінің студенттері «Тәуелсіздік. Сайлау жүйесінің тарихы» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысты. Семинар материалдары мазмұнын, практикалық маңыздылығын ашуға және сайлау процесіндегі институционалдық рөлін атап көрсетуге бағытталған;
2026 жылғы 5 ақпанда «Электорат» жас сайлаушылар клубының мүшелері үшін Шахтинск қалалық мәслихатының төрайымы, VIII шақырылымның 9 сайлау округінің депутаты Мамерханова Жамала Сагантаевнамен; VIII шақырылымның 12 сайлау округінің депутаты Омарбеков Алмас Каркеновичпен; VIII шақырылымның 12 сайлау округінің депутаты Тилеубек Аманжолмен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Жас сайлаушылар клубының мүшелері Шахтинск қалалық мәслихатының қызметімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына ашық сұхбат арқылы жауап алды.
Аталған іс-шаралар патриотизмге, азаматтыққа, шығармашылыққа және өзін-өзі іске асыруға бағытталған мықты идеология мен тиімді жастар саясатын қалыптастыруға бағытталған.