Мектеп референдумы

2025 жылдың 13 қазанында Жас сайлаушылар клубының жұмыс жоспарына сәйкес Шахан кентінде мектепішілік референдум өтті. Құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және болашақ сайлаушыларды сайлау процесіне тарту бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат болды. №2 және 12 жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары нақты уақыт режимінде дауыс беру рәсіміне қатыса алды. Жас сайлаушылар клубының мүшелері референдум өткізу жөніндегі учаскелік комиссияның құрамына енді, атап айтқанда: Бокачева Кира Сергеевна, №2 ЖББМ 10 сынып оқушысы; Еркибаева Асель Кельдибаевна, №12 ЖББМ 9-сынып оқушысы; Куликовская Валерия Евгеньевна, №2 ЖББМ 9 сынып оқушысы; Липатова Ольга Дмитриевна, Шахтинск технологиялық колледжінің студенті; Шваб Дарья Витальевна, Шахтинск технологиялық колледжінің студенті.

Дата публикации
21 января 2026