
2025 жылдың 11 желтоқсанында «Электорат» жас сайлаушылар Клубының кезекті отырысы өтіп, онда Клуб мүшелерінің практикалық іс-әрекеттері арқылы нақты практикалық дағдылар мен әлеуметтік көзқарастарды дамытуға бағытталған белсенді оқыту нысаны ретінде «Құқық әлеміне қадам» тренинг сабағы өткізіліп, 2025 жылға арналған жұмыс қорытындысы шығарылды. Қатысушылар дағдыларды дамыту және болашақта түзетулер үшін құнды ақпарат беретін кері байланыс сауалнамасын аяқтады. Жас сайлаушылар клубының белсенді мүшелері 2025 жылы ұйымдастырылған іс-шараларға қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.