


2025 жылдың 5 қыркүйегінде Шахтинск қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Шинжанова Дамиля Жанбурбаевнаның төрағалығымен «Электорат» жас сайлаушылар клубының бірінші отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Жас сайлаушылар клубы туралы» Ереже зерделеніп, жұмыс жоспарының жобасы қаралып, қызметтің басым бағыттары белгіленді. Конституцияның 30 жылдығына арналған презентация материалында Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратын негізгі ережелер қамтылып, адам құқықтары мен бостандықтарының ең жоғары құндылық ретіндегі маңыздылығы атап өтілді, сондай-ақ 1995 жылғы 30 тамыздағы референдумда Негізгі Заңның қабылдану барысы қамтылды. Қорытындылай келе, «Жас сайлаушылар» клубының мүшелері кері байланыс сауалнамасын толтырды.