Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н.М. Әбдіров 2025 жылғы 28 тамызда бекіткен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, Шахтинск қалалық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 5 қыркүйектен 18 қыркүйекке дейінгі аралықта бірқатар іс-шаралар өткізді. 2025 жылдың 5 қыркүйегінде Жас сайлаушылар клубының отырысы өтті. 2025 жылғы 8 қыркүйектен 12 қыркүйекке дейінгі аралықта 9-11 сынып оқушылары, колледждің 1 және 2 курс студенттері «Менің сайлау құқығым» тақырыбында республикалық сайлау диктантын жазуға қатысты.
7-9 сынып оқушылары арасында «Конституция - мемлекеттің негізгі заңы» тақырыбында сурет байқауы өтті. Байқау жеңімпаздары құрмет грамоталарымен марапатталды. Қамту 1750-ден астам адамды құрады. Басты назар 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық жүйе мен тәуелсіз мемлекеттің негізі ретіндегі маңызына аударылады.