Шахтинск қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы

Шахтинск қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы

Шахтинск қалалық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 3-тармағына, 113-1-бабына, 2025 жылғы 14 мамырдағы №1 қаулысына сәйкес Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Шахан, Долинка, Новодолинский кенттерінің әкімдерін сайлау тағайындалғанын хабарлайды.

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының кент әкімдеріне кандидаттарды ұсыну 15 мамырда басталып, 2025 жылғы 27 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының кент әкімдеріне кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылғы 01 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Сайлау науқаны 2025 жылдың 01 маусымында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 20 маусымында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 50.

Байланыс телефоны: 8 (72156) 50512.

Шахтинск қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 мая 2025