Қазақстан азаматтарына, яғни төмен табысы бар және табысының басым бөлігін коммуналдық қызметтерге жұмсайтын отбасыларға мемлекеттен әлеуметтік көмек қарастырылған.
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 маусымдағы №351/11 шешіміне сәйкес, әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне, оның мөлшерін анықтау және мұқтаж азаматтардың белгілі бір санаттарының тізбесін анықтау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Толықтырулардың бірі нақты шығыстар бойынша қатты отынды тұтыну ақысын төлеуге әлеуметтік көмек көрсету болып табылады, ол адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір жарым еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы ескеріле отырып ұсынылады. Бұған дейін бұл көмек халыққа тұрғын үй көмегі ретінде берілген болатын.
Осылайша, Шахтинск қаласының және оған іргелес Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің аумағында жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығында тұрған тұрғын үйде тұрақты тіркелген және сол үйде тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға), қызмет көрсетушілердің шоттарын көрсете отырып, нақты шығыстар бойынша қатты отынды тұтыну ақысын төлеуге (жылыту маусымына есептегенде -7 ай) көзделген
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өз атынан немесе отбасы атынан уәкілетті органға белгіленген нысанда өтініш және орташа жан басына шаққандағы табыстың жергілікті өкілдік органдар белгілеген күнкөріс минимумының ең төменгі деңгейінен аспайтынын растайтын құжатты тапсырады.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш түскен кезде, уәкілетті орган өтініш берушінің құжаттарын материалдық жағдайын тексеру мақсатында бір (1) жұмыс күні ішінде учаскелік комиссияға жібереді.
Учаскелік комиссия өтініш берушінің құжаттарын алған күннен бастап екі (2) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеріп, отбасының материалдық жағдайы туралы акт құрады, сондай-ақ әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды әзірлейді.
Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
1) өтініш берушілер ұсынған жалған мәліметтер анықталса;
2) өтініш беруші тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын тексеруден бас тартса немесе жалтарса;
3) жергілікті өкілдік органдар әлеуметтік көмек көрсету үшін белгілеген орташа жан басына шаққандағы табыс мөлшерінің белгіленген шектен асып кетуі.
Құрметті кент тұрғындары, барлық сұрақтар бойынша әкім аппаратына немесе 5-95-14 телефоны бойынша хабарласу қажет.
Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ