ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖӘНЕ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА САЙЛАНАТЫН КАНДИДАТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
ҚР Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №104 «Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығы негізінде және «Шахтинск ИНФО» ЖШС «Шахтинск вестник» газетінің редакциясы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті үшін шарттық негізде газет алаңын ұсынады.
Газет алаңының бір шаршы сантиметрінің құны ҚҚС-сыз 300 теңгені құрайды.
Орталық сайлау комиссиясының кандидатты тіркеу туралы шешімі және БАҚ басшысының атына жазбаша өтініші Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға газет алаңын беру үшін негіз болып табылады.
Материалдар дайын баспа түрінде және электрондық тасымалдағышта ұсынылады.
Кандидаттардың сайлау алдындағы материалдары 100% алдын ала төленгеннен кейін, олардың келіп түсу тәртібімен және «Шахтинск ИНФО» ЖШС-мен жасалған шарттардың күндері бойынша жарияланады.
Естеріңізге сала кетейік, кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті бар БАҚ-тағы жарияланымдарда қаржыландыру көздері туралы ақпарат болуы тиіс. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның талаптарына сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды.