Шахтинск қалалық сайлау комиссиясының
Қарағанды облыстық және Шахтинск қалалық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама
2023 жылғы 08 ақпанда Шахтинск қалалық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «Қарағанды облыстық және Шахтинск қалалық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы» шешім қабылданды. № 13 сайлау округі бойынша облыстық мәслихатқа барлығы 5 кандидат ұсынылды: саяси партиялардан - 2, өзін-өзі ұсыну арқылы - 3. Ұсынылған үміткерлердің арасында 4 ер адам және 1 әйел адам бар.
Шахтинск қаласының 12 округтік комиссиясының құрамына 2023 жылдың 20 қаңтарынан 2023 жылдың 08 ақпанына дейінгі аралықта 43 кандидат ұсынылды. Оның ішінде саяси партиялардан – 13 адам, өзін – өзі ұсыну тәртібімен – 29 адам. Ұсынылған үміткерлердің арасында 27 ер адам және 15 әйел адам бар.