2023 жылдың 19 қаңтарында аудандық комиссиялардың барлық құрамымен бірінші отырыс өткізіліп, оның барысында заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме берілді. Учаскелік комиссияларға округтік комиссия мүшелері арасында міндеттерді бөлу, комиссия төрағасын, төрағаның орынбасарын, хатшысын анықтау бойынша отырыстар өткізу туралы ұсыныстар берілді.