Шахтинск қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты аумақтық сайлау округтерін құру туралы

 

Шешім

 

 

                      № 7           

2022 жыл 30 желтоқсан

 

 

 

Шахтинск қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты аумақтық сайлау округтерін құру туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 3-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 «Мәслихаттардың сайланатын депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының  қаулысының негізінде Шахтинск қалалық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес шекараларда Шахтинск қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты 12 аумақтық сайлау округі құрылсын.
  2. Шешімді Шахтинск қалалық мәслихатына жолдау.
  3. Осы шешімді БАҚ-та жариялау.
  4. Осы Шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шахтинск қалалық сайлау

комиссиясының төрағасы                                         Д. Курманова

 

Шахтинск қалалық сайлау

комиссиясының хатшысы                                         Д. Даткова                                             

 

 

 

 

 

 

 

Шахтинск қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтерінің шекаралары
Дата публикации
30 декабря 2022