Шахтинск қаласы, Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

ЖОБА

Шахтинск қаласы, Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері  бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 

  1. Шахтинск қаласы, оның ішінде Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары қосымшаға сәйкес бекітілсін. 
  2. Шахтинск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1434/16 «Шахтинск қаласы бойынша, оның ішінде Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» (Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 қазанда № 4382 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

 

Шахтинск қалалық мәслихатының

сессиясының төрағасы

 

Шахтинск қалалық
мәслихатының хатшысы

 

  Ж. Мамерханова

 

Келісілді:

«Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және, автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы.

 

 

 

Ж. Жакупов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шахтинск қаласы, Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Дата публикации
19 декабря 2022