Кез-келген мемлекет үшін, өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ең өзекті әрі мемлекеттік маңызды мәселе болып табылады. Мемлекеттің бастамалары, өсіп-өркендеуіне тосқауыл болатын, кедергі келтіретін, жетістіктерін жоққа шығаратын елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін жау десе болады. Сондықтан елімізде мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылығының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болып табылады.
Мемлекетіміз тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл республикамыздың мемлекеттік саясатының ең маңызды мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998 жыл) және «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 жыл) заңдарды қабылдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы мемлекеттік орган құрды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың маңызды және басым бағыттарының бірі болып табылатыны баршаға мәлім. 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізуге міндетті делінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:
1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.
Қазіргі таңда да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қарқынды жүргізілуде. Нәтижесінде мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындығы жүйелі түрде артып келеді, бизнеске әкімшілік салмақ салу түбегейлі азайтылды, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы жетілдіріліп, қоғамдық бақылаудың аясы кеңеюде.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Бір жағадан бас шығарып ақылдасып, бір жеңнен қол шығарып сыбайласып жүрген, қоғамның жегі құрты болып тұрған жемқорлыққа қарсы іс-қимылды бүкіл қоғам болып жүргізуге тиіспіз, ал мемлекеттік қызметшілер осы күресте белсенділік танытулары тиіс. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру және оған төзбеушілік мінез-құлқын ұдайы қалыптастыру - әрбір мемлекеттік мекеменің, ондағы әрбір мемлекеттік қызметшінің қоғам алдындағы міндеті.
«Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыс
бөлімінің басшысы А. Майдина