Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қатер төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы Заң 1998 жылы шықты. Ол заң ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңы деп аталды. 17 жылдан соң 2015 жылы екінші Заң қабылданды. Ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ҚР Заңы деп аталады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға бағытталған.
Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді.
Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді.
Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Стратегиямен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары мынадай:
мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану;
қоғамдық бақылау институттарын енгізу;
мемлекеттік сыңайлы және жеке меншік секторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау;
құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің беделін түсіреді. Мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді, құқықтық мемлекет құрудың қағидаларын бұзады.Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршамызға ортақ міндет. Ортақ міндетті жұмыла отырып орындайық.
«Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыс
бөлімінің басшысы А. Майдина