2026 жылдың 13 қазанында сағат 18:00-де Шахтинск қаласының аумақтық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі отырысы өтті.
Отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы №1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығы және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» қаулысы қаралды.
Шахтинск қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары, сондай-ақ сайлау комиссияларының жұмыс уақыты бекітілді.
Шахтинск қаласының аумақтық сайлау комиссиясы қалалық мәслихат депутаттарын сайлау үшін бір мандатты 12 сайлау округін құрды.
Бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес, бір мандатты сайлау округтерінде депутаттыққа кандидаттарды ұсыну 2026 жылдың 14 қазанында басталып, 2026 жылдың 27 қазанында сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Кандидаттарды тіркеу 2026 жылдың 1 қарашасында сағат 18:00-де аяқталады.
Үгіт-насихат кезеңі 2026 жылдың 1 қарашасында сағат 18:00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 28 қарашасында сағат 00:00-де аяқталады.
Шахтинск қаласында депутаттар сайлауын дайындау және өткізу шеңберінде №13 облыстық округтік сайлау комиссиясының функцияларын орындайтын 1 аумақтық сайлау комиссиясы; 12 округтік сайлау комиссиясы; 34 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Сайлау комиссиялары мүшелерінің жалпы саны 299 адамды құрайды.