2026 жылдың 19 мамырында «Электорат» жас сайлаушылар клубының қорытынды отырысы өтті

 

2026 жылдың 19 мамырында «АМАNАТ» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы Шахтинск қалалық филиалында «Электорат» жас сайлаушылар клубының қорытынды отырысы өтті. Кездесуге қатысқандар: Шахтинск қалалық мәслихатының депутаты Тоханов Мақсат Жұмабайұлы; Шахтинск қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Қуат Айтуар Амантайұлы; «АМАNАТ» партиясы «Жастар рухы» жастар қанаты Шахтинск қалалық филиалының төрағасы Темиргалиев Адиль Фазылевич және «Электорат» жас сайлаушылар клубының мүшелері. Бұл шара «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы Шахтинск қалалық филиалының басшысы Омарбеков Алмас Каркеновичтің арқасында ұйымдастырылып, «Жас сайлаушылар» клубының мүшелері жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға зор үлес қосып жүрген тұлғалармен кездесуге мүмкіндік берді. Бүгінде мұндай кездесулер жас сайлаушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыра отырып, сайлауға деген қызығушылығын арттыруда. «Электорат» жас сайлаушылар клубының белсенді мүшелері белсенді азаматтық ұстанымы мен бастамашылдығы үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Дата публикации
20 мая 2026