"Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ идеологиялық жұмысы негізгі бағыттар:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану;
- Елдің негізгі бағдарламалық құжаттарын түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыс;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу.
- Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қарым-қатынастарын дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешуде Шахтинск қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылды, ол Шахтинск қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 ақпандағы № 5/21 қаулысымен бекітілген. Кеңестің құрамына өзгерістер Шахтинск қалалық мәслихатының сессиясын өткізу кезінде енгізіледі
Шахтинск қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырыстары тоқсан сайын өткізіледі.
Кеңестің қызметі мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен бірлесіп көптеген әлеуметтік мәселелерді шешу тетіктерін әзірлеуіне ықпал етеді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру кезінде бірінші кезекте Кеңес мүшелерінің (ҮЕҰ өкілдерінің) пікірі ескеріледі.
Сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кәмелетке толмағандар істері, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат, мүгедектер істері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қалалық кеңестердің, еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның және басқа комиссиялардың құрамына кіреді.
Бүгінгі таңда Шахтинск қаласында 30 үкіметтік емес ұйым тіркелген, олар келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:
- әскери-патриоттық тәрбие;
- азаматтардың денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау;
-мүгедектерді және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау;
- жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
- құқықтарды қорғау және заңдылықты сақтау;
- гендерлік мәселелерді шешу;
- балалар мен ересектердің бос уақытын өткізу бойынша жобаларды жүзеге асыру;
- шағын және орта бизнесті дамыту;
Әріптестік қатынастарды, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс – қимылын дамыту мақсатында әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылуда.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қоғамда туындайтын проблемаларға жауап бере отырып, халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың ең тиімді нысаны болып табылады.
2024 жылы ішкі саясат бөлімімен 21 млн. 338 мың 600 теңгеге 10 жобаны іске асырылды.
- Шахтинск қаласында, Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде радикалды діни идеологияға бейім, сондай-ақ бейім адамдармен атаулы түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізу (мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында). Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша "Қазақстан азаматтары" ҚБ-мен 950 мың теңге сомаға шарт жасалды.
- Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша Шахтинск қаласында және Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде (Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында) конфессияаралық келісімді нығайту және діни төзімсіздік пен экстремизм көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызмет "Қазақстан азаматтары" ҚБ-мен 1 млн.575 мың теңге сомаға шарт жасалды.
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Шахтинск қаласында және іргелес кенттерде әскери-патриоттық сипаттағы іс-шараларды өткізу жөніндегі қызметтер. Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша "Жастар көзқарасы" ЖҚБ-мен 4 млн. теңге сомасына шарт жасалды
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Шахтинск қаласында және іргелес кенттерде гендерлік саясат және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер. Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша "Жастар көзқарасы" ЖҚБ-мен 1 млн. 400 мың теңге сомаға шарт жасалды
- Шахтинск қаласы және іргелес кенттердің аумағында тұратын ардагерлерге , тыл еңбеккерлеріне, оларға теңестірілген адамдарға алғашқы көмек көрсету және кеңес беру үшін қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер (Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында). Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша "Ардагерлер ұйымы" ҚБ-мен 1 млн .500 мың теңге сомаға шарт жасалды.
- Тұрмыстық зорлық – зомбылықтан зардап шеккендерге және өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға консультациялық әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету саласында "тұрмыстық зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу" дағдарыс орталығын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер (Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында.) конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша "Мир добра" ҚБ-мен 3 млн. теңге сомасына шарт жасалды
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар топтамасын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер (Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында). Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша "Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы" ЖҚБ-мен 3 млн. 776 мың 600 теңге сомасына шарт жасалды.
8.Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар сериясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер (Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында. Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша "Салауатты қоғам-2050" ААҚ-мен 1 млн.260 мың теңге сомаға шарт жасалды.
- Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын, Үкімет бағдарламаларын түсіндіру және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу жөніндегі қызметтер (Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында). Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша "Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы" ЖҚБ-мен 900 мың теңге сомаға шарт жасалды.
- Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына арналған іс-шаралар сериясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер (Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында). Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша "Жастар көзқарасы" ЖҚБ-мен 2 млн.976 мың теңге сомаға шарт жасалды.
Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аямврда Шахтинск қаласы жастарының ресурстық орталығы "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарын жасақтау бойынша жұмыс жүргізуде. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың ауызша тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жастарды (жетім балалар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, толық емес отбасылар, аз қамтылғандар, NEET санаты) жұмыс орындарымен қамтамасыз ете бастады. Шахтинск қаласында жазғы кезеңде 180 жауынгер жұмысқа орналастырылды. 180 жауынгердің ішінде әлеуметтік осал санаттағы 82 адам бар.