Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Тіл саясаты

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың  2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі  Шахтинск қаласының  2023 – 2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес бірқатар жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

«Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бастау» оқу – әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2011 жылғы 27-қыркүйектен бастап жұмыс істейді.  

Орталықтың мақсаты- мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге, жеке тұлғаларға (мектеп оқушылары, арнайы оқу орындарындағы студенттерден басқа)  қаланың ересек тұрғындарына мемлекеттік және басқа да тілдерді (ағылшын, орыс және т.б) тегін меңгеру құқығын жүзеге асыру болып табылады.

Оқыту курстарының ұзақтығы-3 ай. Үш кезеңге бөліп оқытылады. Оқыту офлайн және онлайн, топтың қалауына байланысты оқытылады. Мекемелер келіп оқытсын деген ниет білдірсе, оқытушы сол мекемеге барып 3 ай оқытады. Жыл бойы оқыту 3 кезеңнен тұрады.

2025 жылы жоспар бойынша мемлекеттік тілге -180 адам, ал ағылшын тіліне 100 адам оқытылды.

Сондай–ақ, Шахтинск қаласындағы «Бастау» оқу – әдістемелік орталығында облыс әкімдігімен бекітілген кестеге сай «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеуден өтетін тұлғалардың деңгейлерін алдын ала анықтау және тестілеуге дайындық жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

ҚазТест жүйесі бойынша  2025 жылы байқау сынағына барлығы 106 адам қамтылды. Оның ішінде сертификаттық тестілеуге 26 адам, диагностикалық тестілеуге 80 адам қамтылды. Диагностикалық тестілеуге қамтылғандардың  7-уі мемлекеттік қызметші, 73-і  азаматтық қызметшіні құрайды.

Мемлекеттік органдарда  “Log Book электрондық  құжат айналымы» ААЖ--нің мемлекеттік тілдегі шығыс хаттарының үлесіне тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп, тұрақты түрде сарапталады. 2025  жылдың бірінші жартысының  қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлесі 98,8 %-ды  құрады.

Шахтинск қаласында шағын және орта бизнес өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгеру бойынша қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылған. Тиісті заңнамалар аясында тіл нормаларына қатысты әдістемелік нұсқаулықтар әзірленіп, әр сала бойынша «Тілашар» сөздіктері жасалып, таратылады. Қалада көрнекі ақпарат пен жарнаманы бір жүйеге келтіру мақсатында тоқсан сайын «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға-сауаттылық!» атты айлық өткізіліп тұрады. Көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін қатесіз, сауатты жазуды келісу үшін  Шахтинск қаласында «Call сenter» Бірыңғай консультациялық қызметі (54790) жұмыс істейді.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында  2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 13 қалалық байқау, 4- дөңгелек үстел, 1-фестиваль, 2-семинар, латын графиксы бойынша -4 тренинг, 5 челлендж өткізілді. Оның көпшілігі  Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай өткізілді.

 Мемлекеттік тілді бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде насихаттау мақсатында 2025жылы бөлімнің Instagram және Facebook парақшаларында  30  жарияланым жарияланды.

 

Документы
Ақпарат
03 апреля 2026
2024 жылғы тілдерді дамыту туралы ақпарат
Ақпарат
27 февраля 2026
Нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын терминдер мен сөз тіркестерінің бірыңғай сөздігі
Ақпарат
17 января 2022
2020 жылғы тілдерді дамыту туралы ақпарат
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Пресс-служба аппарата акима города Шахтинска
presssluzhbagshakhtinska

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы