
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін Шахтинск қаласында және оған іргелес кенттерде «Шахтинск қаласы жастарының ресурстық орталығы» КММ жұмыс істейді.
Бүгінгі күні 14 жастан 35 жас аралығындағы жастар саны 14 339 адамды құрайды.
2024 жылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қаржыландырудың жалпы сомасы 102 млн. 936 мың теңгені құрады.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ресурстық орталық мамандарымен 352 іс-шара өткізілді, жалпы қамту 14 380 адамды құрады.
«Жасыл ел» жобасы аясында 2026 жылдың жазғы маусымында 250 сарбаз жұмысқа орналасады, маусымда 72 сарбаз жұмыс істеді, шілдеде 114 сарбаз жұмыс істейді, тамызда 64 сарбаз жұмыс істейді. Халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалардың 65%-н жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
2026 жылы 14-35 жас аралығындағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі 2,11 % құрады.
Балалар үйі түлектерінің әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету, олардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар іске асырылуда. 2026 жылы осы санаттағыларға пәтерлерді жыл соңына дейін бөлу жоспарлануда.
Жастар кәсіпкерлігі бастамасын қолдау аясында 2025 жылы қала әкімінің жастар арасынан кәсіпкерлік жобаларды ашуға және дамытуға 1 500 000 теңге көлемінде 15 грант бөлінді. Қазіргі уақытта бұл гранттар жұмысын жалғастыруда. 2026 жылы 2 000 000 теңгеден 8 гранттық орын бөлінеді.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласындағы конфессияаралық қатынастардың проблемаларын зерделеу және талдау секторымен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 126 іс-шара өткізілді, жалпы қамту 9929 адамды құрады.
Интернет кеңістігінде қарсы насихаттау материалдарын тарату арқылы халықтың деструктивті идеологиясына қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 97 материал жарық көрді, барлығы 60587 адам қамтылды.