
2023 жылға бекітілген штаттық кестеде барлығы 995,25 штаттық бірлік қарастырылған: оның ішінде дәрігерлер – 117 адам, орта медициналық қызметкерлер – 393 адам, кіші медициналық персонал – 105, өзге персонал – 119.
Дәрігерлермен жасақталуы – 82,4 %.
Дәрігерлік кадрлардың бір мезгілде жұмыс істеу коэффициенті 1,10 % (1,0 нормативімен) құрайды.
Медициналық қызметкерлердің санаттылығы 64,1 %,
оның ішінде дәрігерлер – 48,4 %; орта медициналық қызметкерлер – 69,5 %.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының есебінен резидентурада оқитындар: - 0.
Аурухананың өз қаражаты есебінен 1 жалпы тәжірибелік дәрігер оқытылуда. 2025 жылы келгендер: 22 дәрігер; 37 – орта медициналық қызметкер, 3 – фельдшер;
Тұрғын үймен 10 дәрігер қамтамасыз етілді.
Дәрігерлік штаттарды жасақтау мақсатында «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасымен мамандықтар бойынша өтінімдер беру, жәрмеңкелерге белсенді қатысу, Шахтинск қаласына түлектерді тарту бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша 2024 жылмен салыстырғанда туу көрсеткіші 20,5 пайызға, өлім-жітім 20,9 пайызға өсті.
2025 жылдың есепті кезеңінде нәресте өлімінің 2 жағдайы, 2024 жылы 1 жағдай тіркелді.
2025 жылдың есепті кезеңінде ана өлімі тіркелген жоқ. 2024 жылы – 1 жағдай тіркелген.
Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 0,7 %-ға өсті, 2024 және 2025 жылдары өлім-жітім тіркелмеген, 2025 жылы туберкулездің асқынған түрлері тіркелмеді, 2024 жылы – 1 тіркелген.
2025 жылы онкологиялық аурулармен сырқаттанғандар саны 5,6 %-ға төмендеген (2024 жылы 174 жағдайдан, 2025 жылы 163 жағдайға дейін).
Московская 18/1 мекенжайындағы ғимаратты жөндеу туралы ақпарат.
Шахтинск қаласындағы (МСБ ғимараты) Московская көшесі, 18/1 мекенжайында орналасқан емхана ғимаратын күрделі жөндеу. Ғимарат 5 қабатты, кірпіштен салынған, жертөлесі және техникалық қабаты бар.
Казахстанская 97/1 мекенжайындағы ғимаратты жөндеу туралы ақпарат.
2025 жылғы 20 қазанда ҚОДСБ «Шахтинск қаласының ауруханасы» ШЖҚ КМК мен «Актив-А» ЖШС арасында құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алулар бойынша №502 келісімшарт жасалды. Авторлық қадағалау «ҚазахЭнергоПром» ЖШС мен техникалық қадағалау «Broad Mark Construction» ЖШС келісімшарттар жасалды.