
Мемлекеттік мекеме өз құзыры шеңберінде келесіміндеттерді жүзеге асырады: Шахтинск аймағында мәдениет саласы бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу; мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру; әлеуметтік–маңызды және бұқаралық-мәдени іс шараларды, халық шығармашылығының байқауларын, конкурстар мен фестивальдар, бұқаралық спортты дамыту іс-шаралар өткізеді, мәдениет объектілерін материалдық-техникалық жарақтандыру. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін Шахтинск өңірінде 4 клуб мәдениет нысандары жұмыс атқарады («Шахтинск қаласының КМС» КМҚК, «Шахан кентінің МҮ» КМҚК, «Новодолинскийкентінің МҮ» КМҚК, «КМС Долинка кентіндегі филиалы»), орталықтандырылған кітапхана жүйесі және 7 кітапхана- филиалдары, «Барс» КМҚК (қалалық мәдениет және демалыс саябағы, қалалық стадион), «Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы»КМҚК. Барлық мәдени мекемелерде телефондар орнатылған, интернетке қосылған, қажетті кеңсе жабдықтары мен қамтамасыз етілген.
2025 жылы бюджеттен 1 087,931 млн.тг қаражат бөлінді.
Қазақстанның мәдени саясатын жүзеге асыру мақсатында 4 клубтық кәсіпорын жұмыс істейді, оның 3-уі кенттерде орналасқан. Клуб мекемелерінде рухани білім беру және шығармашылыққа білеттерді жүзеге асыру үшін 1641 қатысушысы бар, 80 клубтық бірлестік жұмыс істейді. Оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған 961 адамнантұратын, 45 құрылым бар. 2025 жылы клубтық мекемелерде 796 іс-шара өткізіліп, 40,3 мың адам қамтылды. Олар кітап көрмелері, сөрелер, сайыстар, мерекелік құттықтау бағдарламалары, концерттер және т.б.Шахтинск қаласының клубтық мекемелері мәдени мұраны, оның ішінде фольклорды, салт-дәстүрлерді зерттеудің интеграцияланған жүйесін құру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады. Қаламызда 6 этно мәдени клубтар тобы құрылған, екеуі Шахан кентінің мәдениет үйінде, 4-уі Шахтинск қаласының кеншілер мәдениет сарайында, олар: қазақ халқының салт-дәстүрін жандандырып, сақтауға арналған екі бірлестік, екі славян бірлестігі, корей қауымдастығы, татар-башқұрт және неміс бірлестігі. Дәстүр бойынша жыл сайын біздің қаламызда тұрып жатқан халық мәдениеттерінің фестивалі өтеді. Кабинеттер этникалық бұрыштар мен жабдықталған, ұлттық мәдени клубтардың мүшелері ежелгі тұрмыстық заттар мен ұлттық киімдердің бөлшектерініздестіру және жинау жұмыстарын белсенді түрде жүргізеді. «Алая гвоздика» еңбек ардагерлерінің халықтық хоры, «Околица», «Алсу», «Коре сарам» фольклорлық ансамбльдері бірнеше жылдар бойы облыстық «Ардагерлер әні», «Шаңырақ достығы» фестивальдарына қатысып келеді. Көркемөнерпаздар ұжымдары халықаралық, республикалық, облыстық конкурстар белсенді қатысады және біздің қаламызды жоғарыдан көрсете біледі. Бүгінгі таңда орталықтандырылған кітапхана жүйесі 8 кітапханадан және оның кенттердегі 3 филиалынан тұрады. Моделді кітапхананың мәртебесі 2 кітапханаға берілген (Долинка және Шахан кенттеріндегі филиалдары). Кітапханалардың кітапқоры 247951 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі – 53 782 дана кітаптан тұрады. "Шахтинск қ. ОКЖ" КММ өз жұмысында алғашқылардың бірі болып халыққа қызмет көрсету барысында цифрлау және ақпараттандыру бағдарламасын енгізуді бастады. Бұл жұмыс жалғасуда. Өлке тану құжаттарын цифрлау жұмыстар жүргізілуде, оқырмандардың қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ұялы ақпараттық технологияларды енгізілуде. Барлық кітапханалар жүйесінде - SMS жіберу, бар сымсыз желілерWi-Fi, тегін электронды кітаптар қызметі жұмыс істейді. Оқырмандар мен қала тұрғындарына жыл бойы "Шахтинск ОКЖ" КММ сайтында берілген қашықтағы ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндіктері бар. Оқырмандар біздің кітапханағы онлайн қызметтерінің келесі түрлерін ала алады: жаңалықтар, іс-шаралар анонстары. Кітапханаларда мақсатты бағдарламалар, жобалар бойынша жұмыс жүргізілуде. Әр түрлі топтағы оқырмандарға үнемі қызықты және әр түрлі тақырыптағы бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады. Жастарға, жасөспірімдерге арналған іс-шараларға ерекше көңіл бөлінеді. Кітапхана қорын жинақтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. Қаламызда балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамтамасыз ететін үш аула клубы бар. Шахан кентінде «Қарлығаш» аула клубы жұмыс істейді, онда балалар мен жасөспірімдерге арналған 8 клубтық құрылым бар. Шахтинск қаласының стадионында «АқСүйек аула» клубы жұмыс істейді, онда балалар қазақтың ұлттық ойындары - «Тоғызқұмалақ» және «Асық ату» ойындарын үйренеді. Новодолинский кентіндегі «Шапағат» аула клубында .балалар қолданбалы өнер және ән салу мен айналысады. Мәдени мұраның қазіргі жағдайы кешенді сан ғасырлық дәстүрлерді сақтау мүмкіндігімен қамтамасыз ететін, мәдениин фрақұрылымдыжақсартатынжұмыстардықарқындатумен сипатталады.
2025 жылы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында 33 747 келушінің қатысуымен 3273 экскурсия өткізілді.