
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің деректеріне сәйкес Шахтинск қаласында 3 215 мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде 218 мүгедектігі бар бала:
|
№ |
барлығы |
Мүгедектігі бар адамдардың саны |
||||||
|
мүгедектігі бар адам |
мүгедектігі бар бала |
|||||||
|
1 топтағы |
2 топтағы |
3 топатағы |
7 жасқа дейін |
1 топтағы |
2 топтағы |
3 топатағы |
||
|
1 |
3215 |
335 |
975 |
1687 |
59 |
27 |
52 |
80 |
|
№ |
Атауы |
барлығы |
|
1 |
Кресло-арбаларды пайдаланатын мүгедектігі бар адамдар |
144 |
|
2 |
Көзі көрмейтін мүгедектігі бар адамдар |
108 |
|
3 |
Есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар |
115 |
|
4 |
Психикалық бұзылулары бар мүгедектер |
107 |
|
5 |
Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар |
212
|
2025 жылы мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге арналған қаржыландыру сомасы 490 134,0 мың теңгені құрады. АОЖБ іс-шаралар жоспарының орындалуы 97,1% -ды құрады.
2026 жылға мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге 534 291,0 мың теңге көзделген.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 2025 жылы мерекелік және атаулы күндерге жалпы сомасы 59,3 млн. теңге материалдық көмек төленді:
- мүмкіндігі шектеулі адамдарға 20,0 мың теңге мөлшерінде;
- мүгедектігі бар балаларға 40,0 мың теңге мөлшерінде.
2026 жылы 64,1 млн. теңге қарастырылған.
- мүмкіндігі шектеулі адамдарға 20,0 мың теңге мөлшерінде;
- мүгедектігі бар балаларға 40,0 мың теңге мөлшерінде.
Инватакси қызметін ұсынуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 2026 жылы 50,0 млн. теңге мөлшерінде сома көзделген. Бүгінгі таңда 214 мүгедек, олардың 60-ы балалар, инватакси қызметін пайдаланады.
Анықтама үшін: инватакси қызметін ұсынуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша:
2023 жыл - 15 895,7 мың теңге - 80 мүгедектігі бар адам;
2024 жыл - 31 659,0 мың теңге - 118 мүгедектігі бар адам;
2025 жыл - 50 000,0 мың теңге - 214 мүгедектігі бар адам пайдаланды.
2025 жылы мүгедектігі бар адамдарға қосымша көмек көрсету шеңберінде үйде тәрбиеленетін және оқитын 38 мүгедектігі бар баланы материалдық қамтамасыз етуге 3 325,0 мың теңге көлемінде төлем жүргізілді. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын әрбір мүгедек балаға үш айлық есептік көрсеткішке тең.
2026 жылы үйде тәрбиеленетін және оқитын 35 мүгедектігі бар баланы материалдық қамтамасыз етуге 4 088,0 мың теңге қарастырылған.
АӘК
31.12.2025 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік атаулы көмек 143 алушыға 34 отбасыға 15 213,4 мың теңге сомасында төленді; бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлем 42 балаға 1563,7 мың теңге сомасында төленді.
2026 жылға мемлекеттік атаулы көмек төлеуге 20 630,0 мың теңге көзделген. АӘК бойынша жоспар 50 отбасы 210 адам 17710 мың МСАК - 70 бала 2920 мың.
Көпбалалы отбасылар
Шахтинск қаласының аумағында "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының деректеріне сәйкес 639 көпбалалы отбасы (2 832 бала) тұрады, оның ішінде 242 ана "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ "Ана даңқы" ордендерімен І және ІІ дәрежелі марапатталған.
Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған. Әлеуметтік көмек алу үшін барлығы 458 адам өтініш білдірді, 403 адамға жалпы сомасы 24 180,0 мың теңгеге төлемдер жасалды, бір балаға төлем мөлшері 60,0 мың теңгені құрайды.
Нысандарды бейімдеу
Бекітілген кезеңдік түгендеу (паспорттау) жоспарына сәйкес 01.01.2026ж. жағдай бойынша 56 әлеуметтік инфрақұрылым объектісіне паспорттау жүргізілді. Мүгедектерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін 50 нысан бейімделді.
2026 жылы 2 нысанды бейімдеу жоспарланған, оның ішінде:
Денсаулық сақтау - 1 объект, білім беру - 1 объект.
1) Шахан кентінің № 4 отбасылық денсаулық орталығы
2) «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК
СМС-хабарлама түскен кезде Сізге ЭЦҚ көмегімен «Әлеумет» әлеуметтік қызметтер порталына кіріп және хабарлаған күннен бастап екі ай ішінде санаторийлік-курорттық емдеу алғыңыз келетін шипажайді таңдау қажет.
Бөлмеге арналған кресло-арбалар алған күннен бастап 7 жылдан ерте емес, серуендеуге арналған кресло-арбалар 4 жылдан ерте емес, әмбебап кресло-арбалар 5 жылдан ерте емес ауыстырылады.
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 385/16 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне сәйкес Шахтинск қаласының және оған іргелес Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің аумағында жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығында тұрған тұрғын үйде тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға), чекті немесе шот-фактураны (жылыту маусымына есептегенде -7 ай) көрсете отырып, нақты шығыстар бойынша қатты отынды тұтынуды төлеуге әлеуметтік көмек көзделген - 16 айлық есептік көрсеткіш.
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінен немесе отбасы атынан уәкілетті органға нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір жарым еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжатты ұсынады.