Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Спорт

«Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің спортты дамыту саласындағы қызметі дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын халықтың қамтылуын арттыруға бағытталған.

Дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы нысаналы индикаторлар:

1-индикатор. 2025 жылы халықтың спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз етілуі 1000 адамға шаққанда 51,2 % құрады. Орындалды.

2-индикатор. 2025 жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың қамтылуы 39,8 % құрады. Орындалды.

3-индикатор. 2025 жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілімдері жоқ мүмкіндігі шектеулі адамдардың ішінен спортпен жүйелі түрде шұғылданатын ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесі 21,4 % құрады. Орындалды.

4-индикатор. 2025 жылы балалар мен жасөспірімдерді (3-18 жас) спортпен қамту 22,9 % құрады.

Шахтинск қаласында және іргелес кенттерде 81 спорттық ғимарат жұмыс істейді, оның ішінде: 1 қалалық стадион, 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 2 жекеменшік спорт кешені, 27 спорт залы, 8 хоккей корты, 40 жазықтық құрылыс және 2 басқа да нысандар.

2024 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы спорт ғимараттарының саны 5 бірлікке артты. Шахтинск қаласының орман алқабы аумағында жасанды көгалы бар спорт алаңы мен спорттық жабдықтар орнатылды. Қалалық мәдениет және демалыс саябағында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған спорттық элементтері бар ойын алаңы орнатылды. Қаланың бес футбол алаңында қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Новодолинский кентінде спорт алаңдарын жөндеу жұмыстары аяқталды.

Шахтинск қаласы мен іргелес кенттерде спорттың 32 түрі бойынша 200-ден астам спорт секциялары мен үйірмелері жұмыс істейді.

«Тентек» спорт кешені жұмысы спортшылардың кешенді дамуына, балалар мен жастарды спортқа және салауатты өмір салтын ұстануға тартуға мүмкіндік береді. Жаңа спорт кешенінің ашылуымен халықтың, соның ішінде жастардың спортпен тұрақты түрде шұғылдануы артты. Спорт кешені базасында 1 122 баланы қамтитын 29 спорт секциясы жұмыс істейді. Спорт залдары толық қуатта жұмыс істеп тұр, жаттығу процесі тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Адаптивті спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде: Спорт кешені базасында аутизм спектрі бұзылған, Психикалық дамуы тежелген, тірек-қимыл аппараты, есту және көру қабілеті зақымдалған 20 баланы қамтитын жүзу секциялары жұмыс істейді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 10 баланы қамтитын шашки секциясы бар. Тоғызқұмалақ және шахмат бойынша әуесқой секцияларда 5 адам шұғылданады. Шахтинск қаласының №7 мектеп-интернаты базасында ерекше қажеттіліктері бар балалар дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады.

Жаңа оқу жылынан бастап тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен ересектерге арналған үстел теннисі секциясы (10 адам) жұмыс істей бастады. Жергілікті бюджет есебінен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жүзу секциясы жобасы іске асырылуда, оның аясында 10 бала қамтылады.

Спортты дамытуға «Ягуар» және «Атлетик» спорт кешендері, «Юность» және «Гефест» клубтары өз үлестерін қосуда. Сондай-ақ облыстық және республикалық федерациялардың филиалдары: киокушинкай-каратэ, каратэ-фунакоши, NOMAD MMA, комбат-джиу-джитсу жұмыс істейді (қамтылуы 500-ден астам бала). Мектептерде 50 спорт секциясы (876 адам), Шахтинск технологиялық колледжінде  2 секция (75 адам) жұмыс істейді.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында жыл сайын спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітіледі. Осы жоспар аясында 2025 жылы шаңғы жарысы, шағын футбол, баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика, шашки, шахмат, үстел теннисі, ауыр атлетика, туристік көпсайыс, грек-рим күресі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату және т.б. спорт түрлерінен 74 жарыс өткізілді. Жалпы қамтылуы 7849-дан астам адамды құрады (оның ішінде жастар саны 5000-нан астам).

Ұлттық мектеп спорт лигалары аясында 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында баскетбол, волейбол, футбол, жеңіл атлетикалық кросс, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, шахмат және гандбол сияқты спорттың 10 түрінен жарыстар өткізіліп, 2800-ден астам бала қамтылды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының күнтізбелік жоспарына сәйкес Шахтинск қаласының құрама командасы келесі облыстық жарыстарға қатысты: «Ақ қыс 2023» қысқы Спартакиадасында — жалпыкомандалық 3-орын; Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы облыстық Спартакиада (Қарағанды қ.); «Дені сау әйел – дені сау ұлт» облыстық әйелдер Спартакиадасында — жалпыкомандалық 2-орын; «Арай» облыстық жазғы Спартакиадасында — жалпыкомандалық 3-орын.

Барлық өткізілетін іс-шаралар бөлімнің, спорт мектебінің және ведомстволық бағынысты мәдениет мекемелерінің (МҮ, Барс, ОЖЖ және «Тентек» ДСК) Instagram парақшаларында тұрақты түрде жарияланып тұрады.

«Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің 2026 жылға арналған негізгі міндеттері облыстық спартакиадалар мен жарыстарға қатысу, 2026 жылға арналған спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес спорттық жарыстар өткізу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және Қарағанды облысының даму бағдарламасының нысаналы индикаторларының жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу болып табылады.

Документы
Ақпарат
03 апреля 2026
2024 жылғы спорт туралы ақпарат
Ақпарат
17 января 2022
2020 жылғы спорт туралы ақпарат
Ақпарат
15 января 2021
Шахтинск қаласының әкімдігі
2019 жылғы спорт туралы ақпарат
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Пресс-служба аппарата акима города Шахтинска
presssluzhbagshakhtinska

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы