
2020 жылдың 27 тамызында жаңа оқу жылы қарсаңында педагог қызметкерледің дәстүрлі тамыз кеңесі онлайн-конференция режимінде өтті. Іс-шара модераторлары қала әкімі Ержан Оралұлы Темірханов және «Саран қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Назир Азаматұлы Жашибеков. Тамыз кеңесіне білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтар, еңбек ардагерлері және ата-аналар қауымдастығы өкілдерімен, барлығы 80 адам қатысты. Кеңес «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тақырыбында ұйымдастырылды. Қатысушылар алдында «Балғын» балабақшасының, кешенді мектеп - балабақша «Бақыт» ЖШС, № 4 жалпы білім беретін мектебінің, № 6 жалпы білім беретін мектебінің, № 17 мектеп-гимназиясының және «Балалар өнер мектебінің» бірінші басшылары сөз сөйледі. Балабақшалардағы білім беруді жаңарту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, патриоттық тәрбие беру, цифрландыру, зерттеу құзыреттілігі мен қосымша білім беруді дамыту ерекшеліктері туралы айтылды. Үздік педагогтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен, Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының грамоталарымен және дипломдарымен марапатталып, педагог қызметкерлерге жаңа оқу жылына үлкен серпін берді.