
Бүгінгі #oqy&toqy айдарын біз «Жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау» қызметін онлайн рәсімдеуге арнадық.
- еgov.kz (http://%E2%9C%94%EF%B8%8FEgov.kz) порталына кіріңіз
- «Жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау» қызметін табыңыз
- қызметті онлайн сұратыңыз
- қайтыс болған кісінің ЖСН енгізіңіз
- ақпаратты тексеру қажет
- сұранымды жіберіңіз
- екінші қадамда ЭЦҚ арқылы сұранымға қол қою қажет
Аталмыш қызметке өтінімді ХҚО-дан да беруге болады. Ол үшін келесі құжаттар қажет:
- жерлеуді жүзеге асыратын адамның жеке басын куәландыратын құжат
- заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе кәсіпкердің патенті
- қайтыс болу фактісін растайтын құжат
Құжат туралы ақпаратты жеке кабинетіңіздегі қызметтерді алу тарихынан көре аласыз. Қызмет үш жұмыс күні ішінде дайын болады.