Құрметті Саран қаласы және Ақтас кентінің тұрғындары!

Құрметті Саран қаласы және Ақтас кентінің тұрғындары!

Сіздерге сәуір айында Саран қаласы мен Ақтас кентінде «Қарызсыз қоғам» жобасы - халықтың қаржылық сауаттылығын оқыту басталатынын қуана хабарлаймыз.

Оның мақсаты – азаматтарға қаржылық және құқықтық көмек көрсету, қаржылық сауаттылықты арттыру, банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша проблемалық берешекті реттеуге жәрдемдесу. Жобаның операторы – «AMANAT» партиясы.

Оған кез-келген адам қатыса алады. Оқыту толықтай тегін жүргізіледі.

Оқыту топтарда күндізгі форматта өтеді. Оқу мерзімі - бес күн: түске дейін жалпы бағдарлама – міндетті курс, түстен кейін – қатысушының қалауы бойынша жеке практикалық кеңестер. Курсты аяқтау қорытындысы бойынша барлық тыңдаушылар тиісті сертификат алады.

1-кезеңде 4 топ оқытылады:

Саран қаласында:

1 топ: 2024 жылғы 1-5 сәуір

2 топ: 2024 жылғы 8-12 сәуір

4 топ: 2024 жылғы 22-26 сәуір

Ақтас кентінде:

3 топ: 2024 жылғы 15-19 сәуір

 

Курстан өтуге жазылу үшін «AMANAT» партиясының жергілікті филиалына (Ленин даңғ. 7, тел: 74871, 8 775 1675724) немесе Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөліміне (Жамбыл көш., 67, тел. 74030), Ақтас кенті әкімінің аппаратына (Кржижановский 27, тел.:55024) жүгіну қажет. Немесе qogamfin.kz сайтында онлайн өтініш беріңіз