
2024 жылы 22 наурызда сағат 10.00-де Наурыз мейрамына арналған «NAURYZ RUN» жүгіруден қайырымдылық жарысы өтеді!
Қатысу құны 1000 тг. Жиналған барлық қаражат жануарлар панажайына қайырымдылық жасауға жұмсалады. Тіркеу @sport.bolimi Instagram аккаунты және 87075322250 нөміріндегі «WhatsApp» месенджері бойынша жүргізіледі. Жарыс өтетін қашықтық: 7 км (13 жастан асқан), 14 км (18 жастан асқан), 21 км (18 жастан асқан). Қатысушының жиынтығын 2024 жылы 14-20 наурыз аралығында Саран қаласы, Жамбыл көшесі 85а, (221 каб.) орналасқан «Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін алуға болады. Марафонның басталуы мен аяқталуы дәстүрлі түрде Рабочая мен Новая көшелері арасындағы «Треугольник» қоғамдық орнында өтеді. Марафонның барлық қатысушылары авторлық логотиптері бар естелік медаль алады. Марафон басталар алдында 500 метрге 13 жасқа дейінгі балалар арасында «NAURYZ BALA» жарысы өтеді. Онда жарысқа қатысушы барлық балалар естелік медаль мен мерекелік шоколадын алады. Марафонның ең кішкентай жанкүйерлерін аниматорлармен шоу және тәтті тосынсыйлар күтеді.